«Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы барлық нысандар туралы ақпарат baspana.kz порталында жарияланады.
Мұнда сіз салынып жатқан нысандармен танысып, өтінім қабылданып жатқан-жатпағанын анықтап, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтінім бере аласыз.
«Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағытының аясында сіз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешенін өзіңіз таңдай аласыз.
Барлық нысандарды baspana.kz сайтынан көруге болады.
- 180 мың теңгеге дейін – Астана, Алматы және аталған қалалар маңындағы аймақтар, Атырау, Ақтау;
- 140 мың теңгеге дейін – басқа аймақтар.
Тұрғын үй аумағы – 80 ш. м дейін;
Тұрғын үйдің кем дегенде 50%-ы әкімдік кезегінде тұрған азаматтар арасында бөлістіріледі.
Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман мәртебесіне ие;
Қазақстан Республикасы аумағында үміткер мен оның отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы керек;
соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату деректері болмау керек (ХҚКО-да берілген анықтама);
Астана мен Алматы үшін кем дегенде соңғы 2 (екі) жыл ішінде аталған қалаларда тұрақты тіркеуде тұру керек;
басқа қалалар үшін - үміткердің тұрғын үй алғысы келетін елді мекенде тұрған мерзіміне қарамастан, сол жерде тұрақты тіркеуінің болуы.
«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағытының аясында әкімдіктер инженерлік коммуникациялар жүргізілген жер телімдерінде үйлер құрылысын жүргізеді.
- 120 мың теңгеге дейін – инженерлік желілерді қоспағанда.
Заем сомасы – 20 млн теңгеге дейін.
Несие мөлшерлемесі – жылдығы 5%-дан бастап.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%-дан бастап.
Әкімдікте жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алу үшін кезекте тұру керек.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!