«Нұрлы Жер» тұрғын үй бағдарламасы

Құрметті клиенттер, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысына сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының (оның ішінде «Шаңырақ» пилоттық жобасы) күші жойылғанын хабарлаймыз.
Осы Бағдарлама бойынша келісімдер шеңберінде жасалған қалған объектілер «Нұрлы Жер» бағдарламасының талаптары бойынша сатылатын болады.
Жаңа объектілер бойынша келісімдер «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы» шеңберінде жасалады.