«Бақытты отбасы» бағдарламасы | Қазақстанның Отбасы банкі
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Бакытты Отбасы

Бақытты отбасы

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй
сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы
  • Егер сіз әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрсаңыз және келесі мәртебеге ие болсаңыз:
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    көпбалалы отбасы
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    толық емес отбасы
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    мүмкіндігі
    шектеулі баласы
    бар отбасы

    Сіз «Бақытты Отбасы» бағдарламасы бойынша өз үйіңізді сатып алуға заем рәсімдей аласыз

    Бағдарлама шарттары
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Заем мөлшерлемесі
    жылдық 2%
    (ЖТСМ 2,1%-дан бастап)
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Ең төменгі бастапқы жарна
    Заем сомасының 10%-ы
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Заем мерзімі
    20 жылға дейін
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Заем сомасы
    Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент,
    Ақтау, Атырау қалаларында

    15 млн.теңгеге дейін
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Заем сомасы
    Басқа аймақтарда
    10 млн.теңгеге дейін
    Не сатып алуға болады?
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Жаңа салынған үйден жаңа пәтер
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Қолданыста болған пәтер
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Жеке тұрғын үй
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Тұрғын үйді сіз әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып алуға болады
    Табыс қандай болуы керек?

    Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан (КМ)
    артық болмауы керек (2021 жылы КМ 106 336 теңгеге тең)

    Кіріс ретінде не ескеріледі?

    Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік
    қызметтен түсетін табыс жатады.

    Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.

    Негізгі кіріске жататындар:

    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Айлық жалақы
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс (нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.)
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Тұрғын үй төлемдері
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Шәкіртақы (негізгі кіріс болған жағдайда)

    Қосымша кіріске жататындар:

    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Зейнетақы және зейнетақы аударымдары
    (негізгі кіріс болған жағдайда)
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Экологиялық төлемдер
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Өзге жәрдемақылар кіріс ретінде есептелмейді.

    Мысалы, отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін ең жоғарғы табыс келесідей болады:

    6 адам х 62 366 теңге = 374 196теңге

    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    айына 124 732 теңгеден артық емес
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    айына 187 098 теңгеден артық емес
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    айына 249 464 теңгеден артық емес
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    айына 311 830 теңгеден артық емес
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    айына 374 196 теңгеден артық емес
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    айына 436 562 теңгеден артық емес
    Қосалқы қарыз алушыны тарту жолдары

    Егер сіз өтінім берген кезде жұмыссыз болсаңыз немесе кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.

    Сіз жұмыс істейсіз Сіз жұмыс істемейсіз
    Қарыз алушының кірісі заем алуға жеткілікті Қарыз алушының кірісі заем алуға жеткіліксіз Қарыз алушының кірісі жоқ, бірақ оның жұбайының табысы болған жағдайда Қарыз алушы мен оның жұбайының кірісі болмаған жағдайда
    Қосалқы қарыз алушы қажет емес Екі қосалқы қарыз алушы - үшінші тұлғаларды тартуға болады 1) Қосалқы қарыз алушы ретінде жұмыс істейтін жұбайы ресімделеді
    +
    2) Жұбайының кірісі жеткіліксіз болған жағдайда – қосалқы қарыз алушы ретінде үшінші тұлға ресімделеді
    Бағдарламаға қатыса алмайды.

    Тек жұмысқа кіргеннен кейін 6 ай өткен соң ғана қатыса алады.
    Мақұлданды Мақұлданды Мақұлданды Мақұлданбады

    Есептеу мысалы

    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Пәтер бағасы
    10 000 000 теңге
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Заем сомасы
    10 000 000 теңге
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Бастапқы жарна
    (заем сомасының кем дегенде 10%-ы)
    1 000 000 теңге
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Заем мерзімі
    19 жыл
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Алдын ала заем
    Ай сайынғы төлем
    8 жыл 52 700 теңгеден
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Тұрғын үй заемы
    Ай сайынғы төлем
    11 жыл 36 000 теңгеден
    Кеңес: бастапқы жарнаны 10%-дан артық құйсаңыз, ай сайынғы төлем бұдан да төмен болады!
    Бағдарлама бойынша үйді қалай алуға болады?
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    1. Әкімдікте кезекте тұру.
    Ол үшін Сізге әкімдікке барып, кезекке тұрып, отбасы мәртебесін (көпбалалы отбасы, толық емес отбасы немесе мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын құжат алу керек.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    2. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту.
    Келісім-шартты Отбасы банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін).
    Келісім-шарт бекіту үшін жеке куәлік жеткілікті.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    3. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту.
    Ол үшін Сізге Отбасы банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек:
    • отбасыңыздың мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат
    • кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері
    • неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік
    • соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.
    Басқа несиелер бойынша уақтылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.
    Бастапқы жарнаңыз және төлем қабілеттілігін бағалауға арналған құжаттарыңыз болса, екінші, үшінші және төртінші қадамдарды біріктіре аласыз. Мұны банк бөлімшесінде ғана жасауға болады.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    4. Тұрғын үй таңдау.
    Бұл кезеңде Сізге тұрғын үй іздеп, таңдап, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы бағалап, сатушыдан тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет.
    Назар аударыңыз: жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін және құқық белгілеуші құжаттарды төлем қабілеттілігі расталған күннен бастап үш айдан аспайтын уақыт ішінде тапсыру керек.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    5. Заем ресімдеуге мақұлдау алу (мақұлдау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды).
    Ол үшін Сізге жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін, құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін алып, банк бөлімшесіне келіп, заем ресімдеуге және Сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдау алу керек.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    6. Бастапқы жарнаны аудару.
    Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны банк бөлімшелері, интернет-банкинг, Отбасы банкінің төлем терминалдары немесе банктің серіктес ұйымдарының интернет-банкингі мен төлем терминалдары арқылы аударуға болады.
    Назар аударыңыз: банк кеңесшілері жарна қабылдамайды.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    7. Сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекіту.
    Мақұлдау алған соң Сізге нотариуста сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алу керек.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    8. Заем алу.
    Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату келісім-шартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгенен кейін банк заемы туралы келісім-шарт бекітіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.
    Бақытты отбасы тұрғын үй бағдарламасы
    9. Өз пәтеріңізге немесе үйіңізге көшіп кіру!

    Маңызды! ҚР заңнамасына, ішкі құжаттарға және бағдарлама шарттарына сәйкес, қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

  • 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының "Бақытты отбасы" бағыты бойынша іріктеуден өту үшін қосымша құжаттар

    Жалпы құжаттар:
    1) заем беруге өтініш-сауалнама (кредиттік өтінім);
    2) үміткердің/ заемшыластың, үміткер/заемшылас жұбайының (зайыбының)  жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі*;
    3) үміткердің/ заемшыластың неке қию (бұзу) туралы куәлігінің көшірмесі немесе некені бұзу туралы соттың күшіне енген шешімі*;
    4) кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және үміткердің/ заемшыластың кредиттік есебін алушыға кредиттік есеп беруге келісімі (Банктен сұратылады);
    5) үміткердің (заемшыластың) Мемлекеттік корпорациядан үміткердің/заемшыластың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға құқық беру туралы өтініші;
    6) Банк талаптарына сәйкес табыс туралы құжаттар.

    Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер болып табылатын үміткерлердің іріктеуден өтуі үшін құжаттар Банк талаптарына сәйкес қосымша талап етіледі.
    *Құжаттардың көшірмелерін фронт-кеңсе қызметкері ұсынылған түпнұсқалардан алады. Құжаттардың түпнұсқаларымен бірдей, интернет-ресурс (Үкіметтің www.egov.kz ресми интернет-ресурсы) арқылы алынған құжаттарды беруге жол беріледі немесе құжаттардың түпнұсқаларына теңестірілетін өзге де ресми электрондық ақпарат көздері арқылы алуға жол беріледі.

    Қосымша құжаттар
    1) ЖАО құжаты (өтінімдерді 11.08.2020 ж. бастап берген кезде ақпарат тікелей Банктен сұратылады):
    - "Алтын алқа"," Күміс алқа" алқаларымен марапатталған  немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға немесе мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тиесілілігі,
    - егер ЖАО сату үшін дайын нысандарды  немесе тұрғын үй бірліктерін дербес ұсынса, нысанның атауын және сатып алынатын тұрғын үйдің нөмірін растайтын құжат;
    - құжаттың қолданылу мерзімін қамтиды. Егер қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда құжаттың күні кредиттік өтінімді қабылдау күніне дейін 12 (он екі) айдан ерте болмауға тиіс.

    Кепіл үшін:
    2) ұсынылатын кепілзаттық қамтамасыз етудің иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
    3) кепілмен қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын мүлікке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері қоса беріледі;
    4) тұрғын емес үй-жайды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі (жылжымайтын мүлік тұрғын үй қорының құрамынан шығарылған кезде) немесе жылжымайтын мүліктің тұрғын үй қорының құрамынан шығарылғанын растайтын құжат.
    5) қамтамасыз етуге берілген нотариалды куәландырылған келісімдер/өтініштер Банк кепілді қарастыратын кезеңде де, сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін де ұсынылуы мүмкін
    6) заем алуға өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
    7) Бағалау туралы есеп;
    8) Бағалау туралы есеп ақысының төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер Банк бағалау туралы есепті бағалаушының Кабинетінен алмаса).

Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру