Алматы жастарды несиелеу бағдарламасы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы Жастары

Алматы жастарды несиелеу бағдарламасы

Выберите город

Алматылық жастар тиімді талаптармен баспана сатып ала алады

2022 жылы «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Тұрғын үй бағдарламасының әлеуетті қатысушылары almaty-zhastary.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Ол үшін оларға ЭЦҚ қажет.

«Алматы әкімдігі мен Отбасы банкінің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі/толған алматылықтар қатыса алады. Өтініштер Алматы қаласындағы мемлекеттік республикалық және қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардың келесі санаттарынан қабылданады:

- дәрігерлер мен медбикелер;

- мұғалімдер мен тәрбиешілер;

- суретшілер, жазушылар, мәдениет қызметкерлері;

- университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;

- әлеуметтік қызметкерлер;

-өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының (мемлекеттік және коммерциялық) қызметкерлері.

- құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Үміткерлердің ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем болмауы тиіс. Мәдениет саласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған өкілдері үшін кемінде бір жылдық Алматы қаласында тіркелген, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлігі болуы қажет.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелері соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлікке ие болмауы тиіс.

«Алматы жастары» бағдарламасы бес жыл бұрын басталып, қазіргі таңда жас алматылықтар арасында өте танымал. Осы уақыт аралығында біз қала басшылығымен бірлесіп 2260 жас азаматты 32 миллиард теңгеге баспанамен қамтамасыз еттік. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 15 млрд, Отбасы банкінен 3 млрд теңге, жалпы көлемі 18 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 1000 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», –деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

almaty-zhastary.kz сайтында өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы өтініш берушілердің тізімдерін, олар қоса берген құжаттардың түпнұсқалығын тексеріп, жиналған ұпайлары бойынша қатысушыларды іріктейді. Ұпай санына некеге тұрған жылдары, балаларының болуы, санат бойынша үздіксіз жұмыс тәжірибесінің кезеңі, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатуы әсер ететін болады.

almaty-zhastary.kz сайтында өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы өтініш берушілердің тізімдерін, олар қоса берген құжаттардың түпнұсқалығын тексеріп, жиналған ұпайлары бойынша қатысушыларды іріктейді. Ұпай санына некеге тұрған жылдары, балаларының болуы, санат бойынша үздіксіз жұмыс тәжірибесінің кезеңі, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатуы әсер ететін болады.

Несиені 25 жылға дейін алуға болады. Алғашқы жарна кемінде 10% тең болуы тиіс, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%). Несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге (егер мүлік 18 миллион теңгеден асса, өтініш беруші айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады).

Бағдарламаға қатысу үшін 10 күн ішінде өтініш беру қажет. Оны almaty-zhastary.kz арнайы сайты арқылы жасауға болады. Авторизация үшін жақын маңдағы ХҚКО-дан  электронды цифрлы қолтаңба алу керек. Өтініш қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Жеңілдігі бар кредит алуға үміткерлер  пулына жас алматылықтарға қолдау білдіретін «Алматы Жастары» бағдарламасының барлық талаптарына сәйкес арнайы ұпай бойынша жүйе арқылы іріктелгендер енеді. Ұпайға некеде тұрған жылы, балалар саны, жұмыс өтілі мен еңбек ететін жері, жеке кәсіпкерлігі, Алматыда тіркелген мерзімі және басқалары ықпал етеді. Пул толық жасалғаннан кейін ғана «Тұрғынқұрылысжинақбанкі» өз жұмысына кіріседі. Банк кандидаттың төлем қабілетін тексеріп, сонан соң 5 % пайыздық жеңілдігі бар кредит береді. Жастарға берілетін кредиттің жалпы көлемі 10 млн теңге. Қарыз тек жаңа үй сатып алуға беріледі, пәтерді бағдарламаға қатысушы өзі таңдайды.

 «Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толығырақ Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының (www.uzh-almaty.kz), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  (www.hcsbk.kz)  сайттарынан және 300 және  8-8000-801-880 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 телефондары арқылы білуге болады.

 «Алматы Жастары» бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:

1. Өтініш беру кезіне Қатысушының және оның жұбайының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады;

2. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де және отбасы мүшелерінің (егер олар ерлі-зайыпты болса) Алматы қаласында кем дегенде 1 жыл тұрақты тіркеуінің болуы,

3. Қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алумен жалдамалы тұрғын үйдің немесе меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы;

4. Қатысушының Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

5. Қатысушының Алматы қаласында ресми жұмысының өтілі жарты жылдан кем болмауы керек.  Аталған талап халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, атап айтқанда:

·         1 және 2 топтағы мүгедектерге;

·         мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға;

·         жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;

·         4 және одан да көп кәмелет жасқа  толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға;

·         1 және одан көп кәмелет жасқа  толмаған балалары бар толық емес отбасыларға жүрмейді.

6. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарда жарты жылдан кем емес ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болуы керек.

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ

Толығырақ ақпарат http://almaty-zhastary.kz/ сайтында орналастырылған.


Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: 

ТЕЛЕФОН

МЕКЕМЕ

+7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02

Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

300, 8-8000-801-880

«ҚТҚЖБ» АҚ-ның тегін қолдау телефондары






Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру