Бағалау көрсеткіші

Бағалау көрсеткіші (БК) - бұл қаржылық тәртібіңіздің белгісі. Бағалау көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, сіз үй бағасының жарты сомасын жинап алған тұрғын үй заемының мөлшерлемесі соғұрлым төмен болады.
БК = есептелген сыйақы
келісім-шарт сомасы/1000
3 жыл бойы депозитіңізді тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартта көрсетілген сомаға (ай сайынғы жарна көлеміне) толықтырып отырсаңыз, сізге «16-ға тең» ең төменгі БК беріледі. Бұл жағдайда жылдығы 5% болатын заем ала аласыз.
Ал сізге тиесілі БК 16-дан жоғары болса, заемның жылдық мөлшерлемесі бұдан да аз болады. Ең төменгі жылдық мөлшерлеме – 3,5%.

БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШІН АРТТЫРЫП, ЗАЕМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Депозитке мерзімінен бұрын ақша аударып отырыңыз.
Салымшы шотын уақтылы толықтырмаса, оның бағалау көрсеткіші түсіп кетеді,
ал мерзімінен бұрын ақша салып отырса, БК артады.
Ақшаны енді жинап бастағанда, үлкен сомалар салып отырыңыз
Ақшаны енді жинап бастаған салыпшы шотына тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартта
көрсетілген сомадан артық ақша салып отырса, БК көрсеткіші артады.
3 жылдан артық жинаңыз
3 жыл өткен соң да депозитіңізді толықтырып, ақша жинауды жалғастыра берсеңіз,
БК арта түседі.
Жиналған ақша неғұрлым көп болса, банк сыйақысы мен бағалау
көрсеткіші мәні де соғұрлым жоғары болады!
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің барлық ережелерін сақтасаңыз,
ең тиімді шарттармен тұрғын үй заемын ала аласыз!