Банк басшыларының өтініші
Банк басшыларының өтініші
ҚҰРМЕТТІ КЛИЕНТТЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР!
Сіздерге қаржылық қызметтің негізгі нәтижелері, сондай-ақ банк жұмысының операциялық және әлеуметтік аспектілері ашылған«Отбасы банк» АҚ жылдық есебін ұсынуға қуаныштымын. Біздің Банк - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын жалғыз Банк. 19 жылдан бері біз қазақстандықтарға ең қолжетімді жағдайлар бойынша баспана алуға көмектесіп келеміз. Осы уақыт ішінде Отбасы банкінің көмегімен қоныс тойын 437 059 клиент атап өтті. Отбасылық коэффициентін ескере отырып, Қазақстанда 1,6 млн адам өзінің тұрғын үй мәселесін шешті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша банкте 2 548 570 депозит жұмыс істеді. Құнтты қазақстандықтар оларға 2 трлн теңге жинады. Күн сайын банк қызметкерлерінің және қашықтық арналардың көмегімен 2 000-ға жуық жаңа депозит ашылды, олардың иелері бастапқы жарнаға жинақтап, Отбасы банкіне жылдық 3,5 пайыздан 11,5 пайызға дейінгі мөлшерлемелер бойынша үй сатып алуға несие алуға мүмкіндік алады. 2022 жылы бұл мүмкіндікті 76 438 адам пайдаланды. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі елдің экономикалық белсенді халқының қатысушыларының үлесі қазірдің өзінде 26,7% құрайды. Бұл көрсеткіш Қазақстан азаматтарында жинақтау мәдениеті белсенді дамып келе жатқандығын тағы да растайды. Банк өзінің әлеуметтік функциясын орындай отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды белсенді жалғастыруда. Жалпы, «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағыттары шеңберінде - 12 437 қазақстандық отбасына жеңілдетілген қарыздар берілді. Отбасы банк NPL (90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар) ең төменгі деңгейін сақтап қалды. Есептікезеңде бұл көрсеткіш 3,36% орташа банктік деңгейде 0,07% құрады. 2022 жылы Moody’s Investors Service агенттігі Отбасы банкінің ұлттық валютадағы депозитттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингін «Ваа2» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты». Сондай-ақ, Fitch Ratings агенттігі Отбасы банк ұлттық валютадағы эмитент дефолттының ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ» деңгейін растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты». Рейтингтер елдік деңгейге дейін көтерілді. Банк қызметінің тағы бір маңызды қаржылық көрсеткіші-бұл 2022 жылы алынған табыс. Ол қаржы институты қызметінің бүкіл тарихында рекордтық мәнге жетті. Жалпы алғанда, өткен жыл Отбасы банк үшін өз салымшыларына сапалы қызмет көрсетуге арналған процестер мен қызметтерді жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды, цифрлық өзгерістермен есте қалды. Тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтардың тұрғын үй мәселелерін шешуі үшін біз одан әрі жаңа және неғұрлым күрделі цифрлық міндеттерді енгізуді жалғастырамыз.
Құрметпен,
Қанат Шарлапаев
ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР МЕН МЫРЗАЛАР, КЛИЕНТТЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР!
2022 жылы «Отбасы банк» АҚ-ның 79 872 клиенті қоныс тойын атап өтті. Олардың барлығы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне жүгініп, қолжетімді шарттармен баспаналы болды. Тағы 618 422 жаңа клиент бізге өз жинақтарын сеніп тапсырып, Отбасы банкінде депозиттер ашты. 2022 жылдың соңында Отбасы банкінде жалпы жинақ сомасы 2,1 трлн теңге болатын 2 548 570 жинақтаушы шот жұмыс істеді.Осы депозиттердің иелері алдағы бірнеше жылда қол жетімді сыйақы мөлшерлемелері бойынша кредит алу арқылы үйін немесе пәтерін сатып ала алады. Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің басты қағидатын - жинақтау мен қарыз беру балансын сақтау және жинақтау мәдениетінің негіздерін нығайту үшін 2022 жылдың қазан айынан бастап аралық қарыздарға сараланған сыйақы мөлшерле- мелерін қолдана бастадық. Бағалау көрсеткішінің мәніне және жинақтау мерзіміне байланысты олардың аралық қарыз бойынша диапазоны енді жылдық 7% - дан бастап 11,5% - ға дейін құрайды. Банк клиенттерінің саны жыл сайын артып келеді, сондықтан біз банк процестерін цифрландыру бойынша тынымсыз жұмыс істейміз және оларды онлайн режимініне аударамыз. 2022 жылы онлайн арналар арқылы біздің клиенттер 3,4 миллион операция жасады. Бұл ретте Отбасы банкінің офлайн-бөлімшелеріне өтініштер саны азайғаны қисынды. Осылайша, қашықтықтан қызмет көрсету арналары арқылы жүргізілген операциялардың үлесі 72% құрады, бұл өз кезегінде офлайн-арналарына түсетін қызмет көрсету жүктемесінің төмендеуіне әсер етті. Біз ЕДБ арасында алғашқылардың бірі болып Blockchain технологиясын енгіздік. Оның көмегімен біздің Банктің клиенттері енді кепіл шартын қашықтықтан тіркей алады немесе қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда бұл кепілге ауыртпалығын бірнеше минут ішінде алып тастай алады. Бүгінгі таңда Blockchain клиенттеріміздің 780 мың сағаттан астам уақытын үнемдеуге және қашықтан сұранысқа ие қызметтерді алуға көмектесті. Бұл опцияны 34 277 адам пайдаланды. Жаңа технологиялар қысқа мерзімде онлайн ре- жимінде жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасын іске қосуға көмектесті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жобаның операторы болып Отбасы Банкі тағайындалды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінім беру, бағдарламаға сәйкестігін тексеру, жалға берушімен шарт жасасу және жалға алу құнының 50% мөлшерінде тиісті субсидия алу процесі otbasybank.kz цифрлық платформада жүргізіледі. 2022 жылы 38 847 өтінім өңделді. Сонымен қатар otbasybank.kz платформада онлайн-ипотекаға өтініш бере аласыз. Бұл қызмет коммерциялық нарықта бастапқы немесе қайталама тұрғын үй сатып алғысы келетіндерге қол жетімді. Банктің 2 040 клиенті қашықтан несие ала алды. 2022 жылы біздің клиенттердің тағы бір танымал сұранысы - депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініш беру. Біз бұл опцияны мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы түрде жүзеге асыруға тырыстық. Отбасы банкінің клиенттері otbasybank.kz портал арқылы өтемақы алуға өтінім бере алады, мобильді қосымша арқылы немесе 300 нөміріне қоңырау шалу арқылы. Бұл жүктемені біркелкі бөлуге және банк жүйелеріне техникалық сипаттағы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік берді. Банк біздің ең кішкентай клиенттерімізге өтемақы беру мәселелерін қосымша пысықтады-олар үшін біз өтініш беру үшін кеңесшілерді үйге шақыру мүмкіндігін іске асырдық. Сондай-ақ, біздің агенттер кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерден өтініштер алу үшін балалар үйлеріне барды. Нәтижесінде 2022 жылы жалпы сомасы 116 млрд теңгеге өтемақы алуға 860 166 өтінімі берілді. 2022 жылы Отбасы банк Қазақстандағы ESG-клубы- ның негізін қалаушылардың бірі және мүшесі болды. Біз үшін ESG принциптері Банктің миссиясына енгізілген. Бұл өте қарапайым – қазақстандық отбасы- ларды жеке баспанамен қамтамасыз ету және Отан сезімін нығайту. Отбасы банк орнықты даму қағидаттарын іске асыра отырып, әртүрлі санаттағы азаматтармен, өте төмен және несие алу үшін бастапқы жарнасы жоқ азаматтармен жұмыс істейді.Бұл ретте біз олардың тұрғын үйін жеңілдікті шарттар бойынша сатып алуға көмектесеміз. «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында қоныс тойын 12 437 қазақстандық отбасы атап өтті. Сондай-ақ Банк гендерлік құқықтарды іске асырады. Біз Орталық Азияда бірінші болып «Ұмай» әйелдер несиелеу бағдарламасын іске қостық. Оның арқасын- да 2022 жылы Қолжетімді шарттармен Қазақстанның 1 374 тұрғыны баспана сатып алды. Биылғы жыл өңірлерде жастардың тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу бойынша серпінді жыл болды. Олар жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, коммуналдық кәсіпорындардың, полиция департаменттерінің, ТЖД қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға қолжетімді қарыздар алуға мүмкіндік берді. Әкімдіктер мен Отбасы банкінің өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру бойынша жалпы бюджеті 64 млрд теңгені құрады. 2022 жылы Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу, Абай облыстарында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары басталды. «Жаңа баспана» (бұрын «Әскери баспана») бағдарлама аясында 2 400 Отан қорғаушысы қоныс тойын атап өтті. 2022 жылдың желтоқсан айының соңғы күндерінде Отбасы банк Қазақстанда «Жасыл ипотека» іске қосылатынын жариялады. Осы сәттен бастап қазақстандықтар «жасыл стандарттар» бойынша салынған және OMIR, ГОСТ Р, BREEAM, LEED сертификаттары бар энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға заем ала алады. Келесі жылы біз банк процестерін цифрлық форматқа ауыстыруды, клиенттеріміз өздеріне қажетті қызметтерді тез және сапалы алуы үшін клиенттік сервисті жақсартуды жалғастырамыз.
Ізгі тілекпен,
Ләззат Ибрагимова