Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бос жұмыс орны

Банктің бос жұмыс орындары

Бөлім:  Ішкі аудит департаменті
Қызметтік міндеттері:
1) ІАД жұмысына, сондай-ақ ІАД туралы ережеге сәйкес ІАД жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындауға қатысу;
2) ішкі аудит мәселелерін реттейтін Банктің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды кезеңділікпен жаңартып отыру;
3) ІАД қызметінде Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген (ұсынылған) бірыңғай базалық ұстанымдар мен ішкі аудит рәсімдерін қолдану;
4) ХКТН сақтау;
5) жұмыста құпиялылық пен жасырындылықтың тиісті деңгейін сақтауды қамтамасыз ету;
6) ІАД қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, бағалау және ІАД директорының қарастыруына оларды басқару бойынша ұсыныстар беру;
7) ІАД жылдық аудитордық жсопарды орындауына қатысу;
8) ішкі аудит жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес ІАД қызметін жоспарлауға қатысу, сондай-ақ ІАД аудиторлық жоспарды орындауына қатысу;
9) күмәнді мәмілелер туралы, сондай-ақ тонау мен асыра пайдалану салдарынан Банкке шығын келтірілген жағдайлар туралы келіп түскен ақпараттарды сараптау;
10) аудиторлық анықтаулардың тиісті түрде құжатталуын қамтамасыз ету, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларды рәсімдеу, тексеру барысында анықталған барлық маңызды деректер мен кемшіліктерді көрсету, негіздемелі ұсынымдар әзірлеу;
11) Банк қызметінің барлық қырлары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
12) Банктің қаржылық есептілігінің аудиті бойынша сыртқы аудиторлар есебінің жобаларын қарастыруға қатысу;
13) Банктің құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарды, талаптарды орындауы мақсатында Банкте жоспарланған және/немесе жүзеге асырылатын іс-шараларға мониторинг, сондай-ақ, басқа қадағалаушы органдар тарапынан тексеру жүргізу;
14) Аудит жөніндегі комитетке, Директорлар кеңесіне беру үшін ақпараттар, есептер дайындау;
15) қызметкерлердің тиімділік карталарын (қызмет көрсеткіштерін) дайындау үшін ақпараттарды сапалы және уақтылы дайындауды ІАД директорына беруді қамтамасыз ету;
16) ішкі аудит мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ көрсетілген кеңес беру қызметтері негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАД жауапкершілік алуын жоққа шығаратын корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үрдістерін жетілдіру;
17) қызметтік тексерулерге қатысу, ІАД туралы ережеде белгіленген тәртіпте арнайы тексерулер жүргізу;
18) өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиімді пайдалану үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға, соның ішінде, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, сондай-ақ, заңнамалық, реттеуіштік, сараптамалық құжаттарды, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының өзгертулерін зерттеу және ішкі рәсімдер мен Банк құжаттарына өзгертулер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар беру;
19) сауалнамаларды, аудит тестілерін, аудит жүргізуге арналған басқа да материалдарды, сондай-ақ қызметтік міндеттерді іске асыру барысында ІАД қызметін сипаттайтын ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
20) ІАД директорының тапсырмасы бойынша лауазымдық міндеттерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі: Қаржы және/немесе экономика, бухгалтерлік есеп эжәне аудит және/немесе қүұқық саласында кәсіби білім болуы
Жұмыс тәжірибесі: Аудиь және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы және/немесе құқық саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы.
Арнайы білімі мен дағдылары: ХКТН және/немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттын білуі, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін және халықаралық COBIT (Control Objectives for Information and related Technology) стандарттарын білуі, ақпараттық технологияларды басқару стандарттарын білуі, ISO/IEC (Information security management systems);
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, акәионердік қоғам мәселелері, бухгалтерлік есеп және салық салу жөніндегі актілерді білуі.
• Тілдерді меңгеруі: Орыс тілі – еркін, Қазақ тілі - артықшылық беріледі
Компьютерлік дағдылары: Пайдаланушы деңгейінде Microsoft office (Word, Excel, Power Point), Colvir BPM және т.б. программалар, автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйелер.

Түйіндемені «Ішкі аудит департаментінің ақпараттық технологиялар/ ақпараттық қауіпсіздік аудиті жөніндегі менеджері» белгісімен cv@hcsbk.kz электронды пошталық адреске жіберіңіз.

қайтару

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру