Часто задаваемые вопросы

Часто задаваемые вопросы

Маңызды сұрақтар

1. Тұрғын үйді ипотекасыз БЗТ есебінен сатып алуға бола ма?
Иә, көп қабатты үйден пәтер, жеке тұрғын үй немесе жатақханадан бөлме сатып алуға болады.

Баспананы алғашқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ ҚТК кепілдігі бар салынып жатқан үйден үлестік қатысу шартына сәйкес сатып алуға болады. Бұл мақсат бойынша тұрғын үйді зейнетақы жинақтары есебінен де, зейнетақы жинақтары жетпеген жағдайда өз қаражатыңызды да қосып сатып алуға болады.

Келесі мақсаттағы жер учаскесі бар жеке тұрғын үй сатып алуға жол беріледі:
1) жеке қосалқы шаруашылық;
2) жеке тұрғын үй құрылысы;
3) тұрғын үй салу және оған қызмет көрсету (пайдалану) үшін;
4) коттедж қалашығын салу үшін;
5) аз қабатты тұрғын үй құрылысы үшін (үш қабаттан аспайтын тұрғын жылжымайтын мүлік, оның ішінде таунхаус, блокталған тұрғын үй, коттедж).

Жаңартылды 21.04.2021 18:05:03
82 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
2. Қашықтықтан қандай қызметтерді ала аламын?

Қашықтықтан келесі қызмет түрлерін алуға болады:

 

Видеобанк қызметі арқылы (тек Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):

1) депозит ашу (18 жастан бастап ересектерге және 14 жасқа дейінгі балаларға);

2) депозитті жабу (салым қалдығы 500 000 теңгеден аспаған кезде);

3) депозитті бөлу (01.11.2016 жылдан бастап ашылған), егер бөлу кезінде жабылуға тиіс депозиттің қалдығы 500 000 теңгеден аспайтын болса;

4) ағымдағы шотты ашу;

5) БЗТ арнайы шотын ашу және жабу;

6) Депозит параметрлерін өзгерту (01.11.2016 жылдан бастап ашылған): жинақтау мерзімі, бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні, шарттық сома;

7) клиенттің жеке деректері мен деректемелерін өзгерту (ТАӘ мен азаматтықты өзгертуді қоспағанда);

8) алдын ала біліктілікті тексеру (кредиттік өтінім).

 

Сондай-ақ, өз бетімен мобильді қосымша/ ЖССБ24 Интернет-банкі арқылы:

1) депозит ашу (18 жастан бастап ересектерге және 14 жасқа дейінгі балаларға);

2) депозитті жабу (салым қалдығы 500 000 теңгеден аспаған кезде);

3) депозитті бөлу, егер бөлу кезінде жабылуға тиіс депозиттің қалдығы 500 000 теңгеден аспайтын болса;

4) ағымдағы шотты ашу;

5) БЗТ арнайы шотын ашу;

6) депозит параметрлерін өзгерту: жинақтау мерзімі, бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәні, шарттық сома;

7) шоттар арасында ақша аудару;

8) тұрғын үй төлемдерін депозитке және жалға алу төлеміне аудару (ЖССБ24 қосымшасы);

9) депозиттерді сатып алу және сату (Интернет-банк);

10) отбасылық пакет қалыптастыру;

11) депозиттерді біріктіру;

12) депозитке мемлекет сыйлықақы белгісін қою;

13) шот бойынша анықтаманы және үзіндіні алу.

 

Сіз Банктің өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты Отбасы инфо бөлімінен, сонымен қатар, Банктің Байланыс орталығына хабарласып ала аласыз:

- +77059251301 нөміріндегі WhatsApp және Telegram-дағы Отбасы банк (аккаунт @quanysh_bot) арналарында жазып;

- 300 нөміріне қоңырау шалып (ұялы нөмірлерден тегін).

 

Біз үнемі қызметтерді жақсарту мақсатында жұмыс жасаймыз. Оның ішінде, операцияларды қашықтықтан алу мүмкіндігін дамыту арқылы!

Бізге білдірген сеніміңіз үшін және әрдайым дамуымызға қосқан үлесіңіз үшін рахмет!

 

Жаңартылды 20.05.2021 15:34:29
48 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
3. Зейнетақы жинақтарын кім пайдалана алады?
1) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін көзделетін болады. Жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке анықталады;

2) қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% - ынан аспайтын шекте қолдана алады. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш құқықты пайдалануға болады.

3) өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар.
Жаңартылды 24.06.2021 16:34:11
281 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
4. Зейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға пайдалануға болады?
Зейнетақы жинақтарын келесі мақсаттарға пайдалана аласыз:
• Ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеу (ішінара немесе толық)
• Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу)
• Отбасы банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алу
• Ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны енгізу
• Сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешекті өтеу
• Жеке тұрғын үй құрылысы (жер телімін сатып алуды қоса алғанда)
• Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру
• Зейнетақы жинақтарын жақын туысыңызға беру
• Емдеу
Жаңартылды 23.01.2021 09:48:30
350 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
5. Жеткіліктілік шегі дегеніміз не?
Жеткіліктілік шегі - бұл зейнетақы жинақтарының алынбайтын (шешілмейтін) және БЖЗҚ салымшысының шотында қалуға тиіс ең төменгі қажетті сомасы.

Бұл соманың салымшының зейнетақы шотында болуы, салымшының табысынан БЖЗҚ-ға болашақ тұрақты жарналарымен бірге оған ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Клиенттер әр жас шамасы үшін белгіленген жеткіліктілік шегінен асатын қолжетімді ақша сомасын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатында пайдалана алады.

Мысалы, егер сіз 35 жаста болсаңыз, сіздің жеткіліктілік шегіңіз 2 940 000 теңгеге тең, осы сомадан артық жинақтарыңызды сіз тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатында пайдалана аласыз.


Жаңартылды 23.01.2021 09:48:46
175 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
6. Сатып алғаннан кейін 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлікті сатуға бола ма?
Егер тұрғын үй өтеу мерзімі 5 жылдан асатын ипотекалық тұрғын үй қарызы есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалана отырып сатып алынған болса, бұл тұрғын үйді 5 жыл ішінде иеліктен шығаруға жол берілмейді.

Егер тұрғын үй БЗТ пайдалана отырып, қалған өтеу мерзімі 5 жылдан кем ипотекалық тұрғын үй қарызы есебінен сатып алынса - тұрғын үйді иеліктен шығару бойынша шектеулер жоқ.

Егер тұрғын үй БЗТ және өз қаражаты есебінен (бар болса) толық сатып алу арқылы меншікке ресімделсе - тұрғын үйді иеліктен шығару бойынша шектеулер жоқ.

Егер БЗТ пайдаланылмай рәсімделген мерзімінен бұрын ішінара/толық қарызды өтеу үшін пайдаланылса - тұрғын үйді иеліктен шығару бойынша шектеулер жоқ.
Жаңартылды 26.01.2021 14:20:02
189 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
7. Қолжетімді сома дегеніміз не? Зейнетақы жинақтарының қандай сомасын пайдалана аламын?
Қолжетімді сома - бұл сіз пайдалана алатын жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының мөлшері.

Қолжетімді сома = зейнетақы жинақтары - жеткіліктілік шегі - 10% (бір жолғы зейнетақы жинақтарын төлеу кезінде жеке табыс салығын төлеуді таңдаған кезде)

Зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы туралы ақпаратты келесі арналар арқылы ала аласыз:
• БЗҚЖ порталындағы Жеке кабинетте cabinet.enpf.kz және cabinet.enpf.kz/porog
egov.kz сайтында және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы
• @enpf Telegram-боты арқылы
Жаңартылды 23.01.2021 09:47:31
113 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
8. Қандай мақсаттар үшін кредит алуға болады?

Тұрғын үй-пәтер жағдайын жақсарту үшін: 

- тұрғын үйді сатып алу

- жеке үй құрылысына (жер телемін сатып алуды қоса алғанда), 

- тұрғын үйді жөндеу және жаңарту

- үй-пәтер жағдайларын жақсарту үшін басқа банктерден берілген заемдарды қайта қаржыландыру,

- басқа банктерде ипотека алу үшін бастапқы жарнаны енгізу үшін.

Жаңартылды 03.11.2020 19:11:06
2168 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
9. Интернет-банк деген не?

Интернет-банк клиенттерге өз шоттарын қолайлы, жылдам және қауіпсіз қадағалауға, салымдар бойынша болжалдық есептеулер жүргізуге, депозитті сатуға немесе сатып алуға, ақша аударуға мүмкіндік береді.

Жаңартылды 16.11.2020 12:43:05
1636 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
10. "Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы туралы
"Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламасы әкімдіктерде тұрғын үй кезегінде тұрғандарға тұрғын үй сатып алуға несие беруді көздейді.

2021 жылы бағдарламаға тұрғын үйге кезегінде 1986-2021 жж. тұрғандар қатыса алады.

Кредит бойынша мөлшерлеме - жылдық 5% ;
Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10%-ы;
Қарыз мерзімі - 20 жылға дейін.
Жаңартылды 15.04.2021 12:24:50
1002 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
11. Маған жинақ депозитін ашқан не үшін тиімді?
Біздің Банкте депозитті аша отырып, тұрғын үй жағдайыңызды жақсарту үшін төмен пайызбен - жылдық 3,5-5% заем ресімдей аласыз. Сонымен қатар, сіздің депозитіңізге жыл сайын 20% көлемінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. 

Банктің салымшылары әр түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, төмен баға мен төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй сатып ала алады:
- Нұрлы жер бағдарламасы, жылдық 3,5%-5%;
- Шаңырақ (5-10-20) бағдарламасы, жылдық 5%;
- Бақытты отбасы бағдарламасы, жылдық 2%;
- Әскери бағдарлама, жылдық 6%-8%;
- Өз үйім бағдраламасы, жылдық 3,5%-7%;
- Алматы жастары бағдарламасы, жылдық 5%.  


Жаңартылды 19.08.2020 18:04:44
2437 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
12. Тұрғын үйді қалай сатып алуыма болады?
Сіздің тұрғын үйді нарықта немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында сатып алуыңызға мүмкіндігіңіз бар
Жаңартылды 03.11.2020 19:09:54
2783 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
13. Тұрғын үйді сатып алу үшін мен қанша қаражат жинауым қажет?

Нарықта тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құнының 50%-ын (жартысын) жинап немесе бірден енгізіп, жылдық 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен заем ресімдей аласыз;


Сізде тұрғын үй құнының 36%-ы болған жағдайда BI Group немесе Nova city құрылыс компанияларынан тұрғын үй сатып ала аласыз. Толығырақ осында;


Егер Сізде тұрғын үй құнының 20%-ы болса - Сіз жылдық 5% және 7% мөлшерлемемен алдын ала заем ресімдей отырып, "Нұрлы жер" және "Өз үйім" бағдарламаларына қатыса аласыз;


Егер Сіз "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыссаңыз бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10%-ын құрайды, қарыз бойынша мөлшерлеме - жылдық 2%;


Әскери өнім бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 15% болс а заемды жылдық 8% мөлшерлемесімен, жарна 50% болса - жылдық 6% мөлшерлемесімен ресімдеуге болады;


Шаңырақ (5-10-20) бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 10%, жылдық мөлшерлемесі 5%;


Алматы жастары бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 10%, жылдық мөлшерлемесі 5%.

Жаңартылды 03.11.2020 20:25:13
4161 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
14. Клиент өз өтінімінен бас тартқысы келеді. Оның мұндай мүмкіндігі қандай қадамға дейін болады?
Қолданыстағы өтінімнің күшін жою мүмкіндігі өтініш "БЖЗҚ сіздің өтініміңізді қарауға қабылдады" мәртебесіне көшкенге дейін қолжетімді. Өтінімді жою үшін enpf-otbasy.kz платформасының Жеке кабинетіндегі Менің өтініштерім бөліміне өтіп, тиісті өтінімді ашып, төменгі оң жақ бұрышта "Өтінімді жою" батырмасын басыңыз.

Өтінім БЖЗҚ-ға жіберілгеннен кейін оны жою арнайы шотқа ақша аударылғаннан кейін өтінімнің мына мәртебелерінде қолжетімді:
- Пайдаланушыдан растайтын құжаттарды күту;
- Өтінім УО қайта қарастыруға жіберілді;
- "Отбасы банк" АҚ-да мақсаттың расталуын күту.

Сіз қолданыстағы өтінімнің күшін төменгі оң жақ бұрыштағы "БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару" батырмасы арқылы жоя аласыз.

Қолданыстағы өтінімнің күші жойылған жағдайда, БЗТ 3 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дағы сіздің шотыңызға кері қайтарылады. Сіздің жинағыңыз БЖЗҚ-ға келіп түскеннен кейін жаңа өтінім ресімдеуге болады


Жаңартылды 26.02.2021 21:11:23
112 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
15. Заемды онлайн тәртібінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуді қалай жүргізуге болады?
Заемды ішінара мерзімінен бұрын өтеу онлайн тәртібінде Интернет-банкингте/ЖССБ24 қосымшасында жүргізіледі. Операция жұмыс күндері Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қолжетімді.

Онлайн өтеу арнайы шоттағы бірыңғай зейнеатқы төлемдері, ағымдағы шоттағы және тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шоттағы қаражат есебінен қолжетімді. Сізге заем мен қарызды мерзімінен бұрын өтеуге қажетті қаражаты бар шотты таңдау қажет. Қарызды жеке қаражат және тұрғын үй төлемдері есебінен ішінара өтеу кезінде өтеуге ең қажетті аз сома - 50 000 теңге.

Онлайн мерзімінен бұрын өтеу займдардың келесі түрлері үшін қолжетімді емес (Банк бөлімшесіне жүгіну қажет):
• банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаның/үлестес тұлғаның қатысуымен қарыздар;
• қайта құрылымдалған берешегі бар қарыздар;
• заемшыласы бар қарыздар;
• қарыз сомасының 90%-нан астам берешегі өтелген жағдайда, қарыздың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар ұсынылмаған қарыздар;
• мына мақсаттарға берілген қарыздар: жер учаскесін сатып алу; жөндеу және жаңғырту, қайта қаржыландыру (БЗТ қаражаты есебінен);
• Жеңіл-2 аралық тұрғын үй заемдары;
• егер клиент әрекетсіз салық төлеушілер базасында болса;
• шоттар бойынша бұғаттау (тыйым салу, бұғаттау, төлем-талап тапсырмасы болған кезде)

ЖССБ24 Интернет-банкингінде қарызды мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі нұсқаулық:






ЖССБ24 қосымшасында қарызды мерзімінен бұрын өтеу жөніндегі нұсқаулық:









Жаңартылды 21.04.2021 18:48:21
24 адам жауап пайдалы деп санайды
Жауап Сізге пайдалы болды ма?
Отмена
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру