Әскери өнім
Әскери қызметшілер мен арнауы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған қолжетімді тұрғын үй
Жалпы талап-шарттар
МАҢЫЗДЫ: Тұрғын үй төлемдерін бір уақытта үй жалдауға да, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинап отыруға да қатар жұмсауға болады.
Үйді елдің кез келген қаласынан сатып алуға болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі Арнайы салымның артықшылықтары
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салым ашқан соң сіз жыл сайын бір жыл ішінде жинаған ақшаңыздың 20%-на тең мемлекет сыйлықақысын аласыз (сыйлықақы салымның 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бөлігіне беріледі). 2018 жылы ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысы 96 200 теңгені құрайды.
Мемлекет сыйлықақысы мен банк сыйақысын қоса алғанда депозиттегі жиналған ақшаға берілетін тиімді сыйақы мөлшерлемесі 13,3%-ға дейін барады.
Тұрғын үй заемдары еліміздегі ең төмен мөлшерлемемен беріледі: жылдық мөлшерлеме 3,5%-дан 5%-ға дейін аралығында, ал жылдық тиімді мөлшерлеме 4%-дан басталады.
Тұрғын үй займын алу кезіндегі төлем қабілеттілігін растау тəртібі жеңілдетілген.
Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт бекіткеніңіз үшін ақша төлеудің қажеті жоқ.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – тұрғын үй төлемін алушының салым шотына түсетін тұрғын үй төлемдерін тыйым салудан жəне ауыртпалық салудан қорғайтын жалғыз банк.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – арнайы салымдары ерекше мəртебе мен қол сұғылмаушылық кепіліне ие жалғыз банк.
Тұрғын үй төлемдері:
Баспана алатын ақшаны қалай жинау керек?
жеке арнайы шот ашу
арнайы салым ашу
маңызды
Ұзақмерзімді тапсырманы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілімен бекітуге болады. Осыдан кейін ақшаның қалай жиналып жатқандығын жəне өзге операцияларды ЖССБ24 интернет-банкингіндегі «Жеке кабинеттен» келесі мекенжай бойынша қадағалап отыра аласыз: https://online.hcsbk.kz
Жеке арнайы шот пен салым ашуүшін қандай құжаттар керек?
жеке куəлік
тұрғын үй төлемін алушы туралы анықтама (тұрғын үй төлемін алушы қызмет атқаратын мекемедегі Тұрғын үй комиссиясы береді)
үшжақты келісім-шарт(жұмыс беруші береді)
Қалған құжаттың бəрін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілі ресімдеп береді
Жұмыс орнында тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі жасалып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісі шақырылады. Мекемеге келген банк өкілі:
шот ашу үшін қажет барлық құжаттардың бар-жоқтығын тексереді
тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсіндіреді
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымыңыздың бар-жоқтығын тексереді. Болмаса, банк өкілі сол жерде атыңызға жаңа арнайы салым ашып, ол туралы арнайы Сертификат тапсырады
сізден тұрғын үй төлемдерін аудару туралы өтініш қабылдайды (ұзақмерзімді тапсырма)
банктің қолданыстағы комиссиялары мен тарифтері туралы айтып береді
сізге жеке арнайы шот ашып береді
Тұрғын үй төлемін алушыларға арналған жеңілдетілген займдар
Жеңілдетілген займ түрлері (01.05.2019 бастап қолданысқа енген жаңа бағдарлама шарттары бойынша заем түрлері)
Жеңілдетілген займ түрлері (30.09.2019 дейін қолданыстағы бағдарлама шарттары бойынша заем түрлері)
Жеңілдетілген несиелендіруден үміткерлер тізіміне кіру үшін қажетті ұпай санын жинау керек. Ұпай әскери қызметтегі әр толық ай үшін 0,5 ұпай беріледі деген есеп негізінде саналады.
Ұпай есептеу тәртібі мына жерде
Askeri.baspana.kz онлайн-сервисі
Жеңілдетілген займдар беру кезінде үміткерлерді таңдаудың ашық жүйесін құру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арнайы ASKERI.BASPANA.KZ сайтын əзірледі.
Жеңілдетілген заем алуды жоспарлап отырсаңыз, сізге ASKERI.BASPANA.KZ сайтына тіркеліп, арнайы сауалнаманы толтыру керек.
Сауалнамада көрсетілген ақпараттардың растығын сіздің ведомство тексереді.
Сайтта ұпай есептеу және заем алудан үміткерлерді іріктеу автоматты түрде жүреді.
1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен арнайы шот ашу
2. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен арнайы салым ашу
3. ЖССБ24 интернет-банкингіне тіркелу
4. Askeri.baspana.kz сайтына кіріп, сауалнама толтыру
Сауалнамада көрсетілген ақпарат шындыққа сəйкес келмесе, тұрғын үй төлемін алушыға заем берілмейді.
Мысалдар
Мысалы, Астанада қызмет атқарып жүрген майор жақында ғана үйленді, əзірге балалы болып үлгерген жоқ делік. Тұрғын үй төлемі 1 адамға 48 870 теңге (Астанадағы тұрғын үй төлемінің сомасы) деп алынып, екі адамға 97 740 теңге көлемінде беріледі. Бұл отбасы бірден бастапқы жарнасыз несие алғысы келсе жəне ұпай саны бойынша өтсе, онда банк 9 700 000 теңгені бастапқы жарнасыз заем түрінде бере алады. Астанада 9 700 000 теңгеге тек бір бөлмелі пəтер сатып ала аласыз. Болашақта мұндай үй тарлық қылады. Ал егер сіз тұрғын үй төлемдерін банктегі шотқа жинап отыратын болсаңыз, бірнеше жылдан кейін кең пəтер сатып алуға мүмкіндік беретін заем сомасын алудан үміткер боласыз.
1. Тұрғын үй займын алардан бұрын барынша ұзақ уақыт жинау. 2. Неғұрлым ұзақ уақыт жинасаңыз мемлекет сыйлықақысын да соғұрлым көп аласыз, тұрғын үй займы бойынша пайыздық мөлшерлеме де соғұрлым төмен болады. 3. Тұрғын үй төлемі отбасы мүшелерінің санына байланысты есептеледі, оған тұрғын үй төлемін алушы, оның жұбайы, балалары кіреді. Отбасы мүшелері неғұрлым көп болса, соғұрлым үлкен қаражат жинауға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!