Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қостанайлық клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында қолжетімді бағамен тұрғын үй алады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қостанайлық клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында қолжетімді бағамен тұрғын үй алады

10 октября 2017
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша пәтер сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінім қабылдай бастағанын хабарлады. Жаңа нысан Қостанай қаласының Солтүстік-Батыс ықшам ауданында салынып жатыр. Тұрғын үй 2018 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа пәтерлердің бір шаршы метрінің бағасы 145 000 теңгеден басталып, 195 000 теңгеге дейін барады. Шаршы метр құны клиент таңдаған қабатқа байланысты көрсетіледі.

Көпқабатты үйдің құрылысын «БК-Строй» компаниясы жүргізіп жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында аталған ұйым мемлекеттен несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 7%-на тең көлемде субсидия алады. Мұндай жеңілдік үшін құрылыс компаниясы пәтерлердің жалпы санының 50%-ын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына беруді міндет етіп алды.

- Аймағымызда мұндай жоба бірінші рет жүзеге асырылып отыр. Бөлінген субсидия құрылыс компаниясына болашақ тұрғын үйдің құнын төмендетуге жол ашады. Осылайша біздің салымшыларда мемлекеттік бағдарлама аясында коммерциялық нарықтан төмендетілген бағамен пәтер сатып алу мүмкіндігі болады. ТҮҚЖБ клиенттеріне 90 пәтер ұсынылады. Барлығы таза әрленген күйде беріледі, - деді банктің Қостанай облыстық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Пулға қатысу туралы өтінімді банк салымшылары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің www.hcsbk.kz мекенжайында орналасқан сайты арқылы өтіп, «Жеке кабинетте» бере алады. Мұны 2017 жылдың 1 қарашасына дейін орындау керек. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағытына меншігінде үйі бар адамдар да қатыса алады. Өтінім беру кезінде салымшының шотында кем дегенде 500 000 теңге болуы тиіс. ТҮҚЖБ клиенті пәтер сатып алушылардың пулына өтіп, төлем қабілеттілігін растаған жағдайда, банк тұрғын үй құрылыс жинағының мерзімі мен тәртібіне қарай отырып, жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% болатын тұрғын үй заемын немесе жылдық мөлшерлемесі 7,5-8,5% болатын аралық тұрғын үй заемын береді.

Қазіргі уақытта Қостанай облысының 42 000 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде баспаналы болу үшін ақша жинап жатыр. Олардың жинақ сомасының жалпы көлемі 18,5 млрд теңгені құрайды. Банктің көмегімен 26 млрд теңгеге заемдар алған 7 мыңнан астам адам өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсарта алды.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру