Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банкіндегі депозиттерге өтемақы алу туралы өтінішті ЭЦҚ мен QR-кодсыз жолдауға болады

Отбасы банкіндегі депозиттерге өтемақы алу туралы өтінішті ЭЦҚ мен QR-кодсыз жолдауға болады

30 сентября 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары «Баспана маркет» порталындағы (www.otbasybank.kz) жеке кабинеттерінде өтемақы алуға онлайн өтініш жолдай алады. Бұл мүмкіндік 2022 жылдың 1 қазанында сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады.

Өтемақы алу жөніндегі өтінішті «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады. Бұл опция 2022 жылдың қазан айының соңына дейін іске қосылады.

Сондай-ақ Отбасы банк кеңесшілері де өтініштерді қабылдаумен айналысатын болады. Олардың көмегімен әрекетке қабілетсіз тұлғалар, кәмелетке толмаған салымшылар, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері өз салымдары бойынша өтемақы төлеуге өтініш жолдай алады. Бұл мүмкіндік 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қолжетімді болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысымен бекітілген тәртіпке сай, «Отбасы Банк» АҚ салымшылары жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы төлену қағидаларында көзделген шарттарды сақтай отырып, 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша салымдары бойынша жинақтары үшін 10% көлемінде өтемақы ала алады.

Отбасы банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша етімді

Өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді.

Өтемақы есептелгенге дейін депозитін сақтаған салымшыларға өтемақы төленеді.

Салымды бөлу арқылы ақша депозиттен ішінара алынған болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең аз қалдығына есептеледі. Оның үстіне 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды.

Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозит қамтамасыз ету ретінде берілген салымы болса, онда ол да тиісті өтемді алады.

Жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ біріктірілген депозиттерге де өтемақы беріледі.

2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде (қоса алғанда) төменде көрсетілген жағдайлар бойынша өтемақы төленбейді:

- депозит жабылса;
- депозит кепіл ретінде болған, ізінше несие салымның тоқтатылуымен толық өтелген жағдайда;
- депозит бойынша тұрғын үй заемына көшкен, оның ішінде автоматты түрде көшкен салымдар бойынша;
- онлайн табыстау арқылы сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.

Өтемақы салымшыларға 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы Банкіге ақша түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде депозиттерге аударылады. Өтемақы алу үшін бөлек шот ашудың қажеті жоқ.

Егер салымшының жалпы қалдық сомасы 20 млн теңгеден асатын екі және одан да көп депозиттері болған жағдайда, өтемақы салымдар сомасына пропорционалды, бірақ белгіленген өтемақы сомасынан аспайтын депозиттерге есептеледі.

Отбасы банкіндегі депозиттер бойынша өтемақы алу туралы өтініштерді қабылдау 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін (қоса алғанда) жалғасады.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру