Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Moody’s Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «тұрақты» рейтингін «жағымды» рейтингке өзгертті

Moody’s Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «тұрақты» рейтингін «жағымды» рейтингке өзгертті

12 қыркүйек 2019
2019 жылдың 27 тамызында Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ұзақмерзімді депозиттік рейтингі бойынша болжамды қайта қарастырып, оны «тұрақты» рейтингтен «жағымды» рейтингке өзгертті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік облигациялары рейтингі болжамының «тұрақтыдан» «жағымдыға» өзгеруі мемлекет тарапынан банкке көрсетілген қолдау нәтижесінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозиттік рейтингісі бойынша болжамға қажетті өзгертулердің енгізілуіне алып келді.

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1,4 млн. депозит бар. Жинақтардың жалпы сомасы 705 млрд теңгені құрайды. Осы жылдың 8 айы ішінде 244 мың қазақстандық азамат тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің жаңа қатысушылары атанды. 2019 жылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 333 млрд теңге сомасына банктің 31 мың клиентіне займ берілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі займның орташа сомасы 10,6 млн.теңгені құрайды.

2019 жылдың 1 тамызындағы мәліметтер бойынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі активтер көлемі жағынан 7-ші орында, ал Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке капиталының көлемі бойынша 3-ші орында.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру