Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Жыл басынан бастап «Бәйтерек» холдингі Қазақстанда 3,6 мың жалға берілетін пәтерлерді пайдалануға берді

Жыл басынан бастап «Бәйтерек» холдингі Қазақстанда 3,6 мың жалға берілетін пәтерлерді пайдалануға берді

8 Сентября 2015

Қазақстандықтарды қолжетімді, жоғары сапалы әрі арзан тұрғын үйлермен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша, «Бәйтерек» холдингі әлеуметтік жағынан осал халықты жалдамалы тұрғын үйлермен қамтамасыз етуге арналған «Аймақтарды дамыту 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда. Бүгінгі күнге Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Семей, Павлодар, Қарағанды қалаларында пайдалануға 3 645 пәтер берілді. Жалпы, 2015 жылы «Бәйтерек» Холдингі бүкіл ел бойынша шамамен 7 мың пәтерлерді (немесе 401 мың ш.м.) пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Бүгін бағдарлама аясында 60 қостанайлық жаңа баспанаға ие болды. 
Жалдамалы пәтерлерді жергілікті атқарушы органдардың тізіміндегі кезектегі адамдар, жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар,   жартылай-толық отбасылар, әскери қызметкерлер алады.
Кезекте тұрғандардың тізімін жергілікті атқарушы органдармен іріктеледі және төлеу қабілетін растау үшін «Бәйтерек» Холдингінің еншілес «Қазақстан ипотекалық компаниясы» (ҚИК) АҚ-на жіберіледі.
Анықтама: «Бәйтерек» Холдингі іске асырып келе жатқан «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын пәтерлер 20 жылға дейін жалға беріледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік жалға алушы адамның меншігіне айналады. Орташа алғанда, 1 ш.м. тұрғын үйді жалдау Алматы мен Астана қалаларында  1 120 теңге, өзге аймақтарда 923 теңге шамасын құрайды.
Бағдарлама бойынша алынған пәтерді қалған ай сайынғы жалдау төлемдерінің сомасына тең қалдық құны бойынша 5 жылдан кейін сатып алуға болады. Жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы төлем ақы қажет емес.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.  Холдингке кіретіндер: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС. Холдинг осы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену және пайдалану құқығына ие. 
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі тел: 8 (7172) 91 92 05, сайты: www.baiterek.gov.kz

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!