Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Ерболат Досаев ШҚО кәсіпкерлерімен «Бәйтерек» Холдингінің компаниялар тобына қолдау көрсету құралдарының қолжетімділігін талқылады

Ерболат Досаев ШҚО кәсіпкерлерімен «Бәйтерек» Холдингінің компаниялар тобына қолдау көрсету құралдарының қолжетімділігін талқылады

2 Июня 2016
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысымен танысты. Холдинг басшысы бірқатар кездесулер өткізіп, сондай-ақ «Бәйтерек» Холдингінің компаниялар тобы қаржыландыратын бірқатар нысандарды аралады.

Ерболат Досаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы аясында Өскеменде салынып жатқан арендалық және несиелік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

«Бәйтерек» Холдингінің Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу перспективаларын Холдинг басшысы өңір басшысымен талқылады. Талқылау қолжетімді баспана құрылысының тетіктерін кеңейтуге қатысты болды.

ШҚО әкімдігінде облыста, оның ішінде бүгінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына енген Риддер моноқаласында арендалық және несиелік тұрғын үй салуға Холдингтің еншілес компаниялары «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның қаржысын тартуға қызығушылықтарын білдірді. «Барлық өтінімдер мұқият қаралады», - деп баса айтты Ерболат Досаев.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 42 мың ш.м болатын 720 пәтер салынып жатыр, олар 2016-2017 жылдары пайдалануға беріледі.

Ерболат Досаев ШҚО-дағы индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның инвестицияларының қатысуымен облыста бірнеше ірі жоба жүзеге асырылады. Ерболат Досаев «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қарап жатқан Өскеменде толық циклді автозауыт салу жөніндегі жобаны қаржыландыруға өтінімді берген «АЗИА АВТО Қазақстан» АҚ компаниясының өндірістік жоспарларымен танысты.

«Бәйтерек» Холдингі Басқармасының төрағасы сондай-ақ ШОБ-ті дамыту мәселелері бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды.

«Шығыс Қазақстан облысы біздің елдің ірі өндірістік өңірі мәртебесіне ие. Біздің кеңестің негізгі мақсаты – даму институттары көрсететін қаржы қызметтерінің деңгейі мен сапасын талқылау. Біздің қолдау құралдарымыздың қолжетімділігі бойынша өңір деңгейінде кері байланыс орнатқым келеді», - деп атап өтті өңірдің кәсіпкерлерімен кездесуде Ерболат Досаев.

«Кері байланыс» ретінде кәсіпкерлер Холдинг басшысын айналым капиталына несие қаражатын арзандату мүмкіндігін, сыйақы мөлшерлемесін, мерзімдері мен сомасын түзетуді қарауды сұрады. Кәсіпкерлер сондай-ақ ауылдық жерлерде ШОБ-ті несиелеудің әлдеқайда қолжетімді тетіктерін жасау қажеттігіне назар аудартты. Бизнесмендердің пікірінше мемлекеттік қолдауға ие болған жобаларға мемлекеттік сатып алулар мен тендерлер кезінде артықшылық беру қажет. Сондай-ақ, өңірде «ДАМУ-Блиц» бағдарламасының тез арада іске қосылуына қызығушылық танытуда. Оның басты артықшылықтарын – несие беруге өтінімдерді қысқа мерзімде қарау мен кепілдік қамтамасыз етуге адал тәсілді қанатқақты жобалар іске қосылған Алматы және Алматы облысында бағалап үлгерді.

«Заманауи әлемдік экономикалық жағдайда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі ірі жобаларды қаржыландыру мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің жаңа құралдарын жасауға бағыт алды. Валюталық несиелеудің түрлі нұсқалары мен Қазақстанның даму банкінің қатысу тетіктері қаралуда», - деп баса айтты Ерболат Досаев.

2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында 2 964 жоба жүзеге асырылды. «Бизнестің жол картасы 2020» аясында қолдау көрсетілген несие қоржынының көлемі бойынша өңір тұрақты түрде көшбасшылардың бестігіне кіреді. Қолдау көрсетілген жобалардың арасында: резеңке және пластмасса бұйымдары, азық-түлік, құрылыс материалдары, автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі, және т.б. Жалпы 2014-2015 жылдары Холдингтің компаниялар тобы қолдау көрсеткен кәсіпорындардағы жұмыскерлер саны 14,6 мың адамнан асты. ШОБ-ті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаның өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШҚО бойынша қатысушылары 2014-2015 жылдары 4,1 млрд. теңге сомаға салық төледі.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!