Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Ерболат Досаев «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысы жайында айтты

Ерболат Досаев «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысы жайында айтты

6 Июня 2016
«Бәйтерек» Холдингі» ҰБХ басқарма төрағасы Ерболат Досаев ҚР Үкіметінің отырысында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы айтты.

Ерболат Досаев тұрғын үй құрылысы «Байтерек» Холдингі жүзеге асыратын «Нұрлы Жол» бағдарламасының басымдықты бағыттарының бірі болып табылатынын баса айтты.

Арендалық тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 2015-2016 жылдары 115 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы арендалық тұрғын үйдің 401 мың м2 құрылыс жоспары кезінде 425,5 мың м2 тапсырылды, бұл 7 234 пәтерді құрайды. Сондай-ақ 2016 жылы 326 мың м2 құрылыс жоспары кезінде бүгінгі таңда 371,9 мың м2 салуға келісім-шарттарға қол қойылды, бұл 6 521 пәтерді құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері 3,4 млрд. теңге сомаға 26,8 мың м2 немесе 410 пәтер тапсырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ағымдағы жылы ҚР Ұлттық қорынан қосымша арендалық және несиелік тұрғын үй құрылысына 113 млрд. теңге бөлінді.

«Барлығы аталған қаражат есебінен 2016-2017 жылдары 324,5 мың м2 арендалық тұрғын үйді және 369,5 мың м2 несиелік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған», деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық қорынан жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй салуға қосымша 67 млрд. теңге бөлінді. ҚР Қаржы министрлігі НҚА-не облигациялар шығару мүмкіндігі үшін қажетті өзгертулер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. ЖАО борыштық құнды қағаздар шығарған соң «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы - «Бәйтерек девелопмент» АҚ оларды сатып алады, әкімдіктер өз кезегінде тұрғын үй құрылысын бастайды.

Бұдан өзге, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» Холдингі сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетеді. Осы бағыт аясында 50 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда қаржыландыруға 48,5 млрд. теңге сомаға 49 жоба мақұлданды. Қосымша 1 млрд. теңге сомаға тағы бір жоба ЕДБ қарауында жатыр.

«Бәйтерек» Холдингінің компаниялар тобы жүзеге асыратын «Нұрлы Жол» бағдарламасының тағы бір бағыты отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдау болып табылады. 2015 жылы осы бағыт аясында отандық автокөлік өндірушілерді қолдауға 30 млрд. теңге бөлінді. Екінші деңгейдегі банктер 26 млрд. теңге лимиттен 21,3 млрд. теңге сомаға 6 мың 209 кредитті қаржыландырды. 2016 жылдың соңына дейін аталған қаражатты толық игеру жоспарланған. Экспорттаушыларды қолдауға 2015 жылы 50 млрд. теңге бөлінді. Аталған сома толық игерілді, 10 экспорттаушы қаржыландырылды. Қолдау көрсетілген компаниялардың экспорт көлемі 312,6 млрд. теңгені құрады.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 50 млрд. теңге бөлінді. Екінші деңгейдегі банктер 63,9 млрд. теңге сомаға 399 жобаны мақұлдады. Қосымша 2,3 млрд. теңге сомаға 14 жоба қарауда жатыр.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!