Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Ерболат Досаев «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды

Ерболат Досаев «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды

1 Июля 2016
2016 жылы 1 шілдеде "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің жаңа құрамдағы кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның басқарма Төрағасы Ерболат Досаевты "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің Төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Бұдан ертерек, 2016 жылы 31 мамырда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының №25/16 шешімімен өкілеттік мерзімі жалпы "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«Қазына Капитал Менеджмент» өткен үш жыл ішінде эволюцияның белгілі бір кезеңдерінен өтті. Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, даму институттары да белгілі бір трансформациядан өтіп жатыр. Мен ҚКМ-нің өз орнын табатынына сенімдімін. Белгілі бір идеялар бар, оларды талқылап жатырмыз»,- деп отырыс барысында Ерболат Досаев айтты.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы барысында Ерболат Досаевтың төрағалығымен бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесі туралы қолданыстағы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, 2014-2018 ж. арналған компанияның даму жоспарының 2016-2018 ж. көрсеткіштері бойынша түзетулер бекітілді.

Сонымен бірге, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның 2016 жылғы 1-тоқсанға арналған стратегиялық портфелі бойынша есеп, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның 2015 жылға арналған Жылдық есебі алдын ала қарастырылды. Одан басқа, Қоғамның даму жоспарын орындауды әзірлеу, келістіру, бекіту, түзетулер енгізу, орындау және мониторинг қағидасы жаңа редакцияда бекітілді.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін