Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Ерболат Досаев халықаралық қаржы ұйымдарымен «Бәйтерек» холдингінің ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Ерболат Досаев халықаралық қаржы ұйымдарымен «Бәйтерек» холдингінің ынтымақтастық перспективаларын талқылады

24 Мая 2016
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Ерболат Досаев Еуропалық Инвестициялық Банктің вице-президенті Ян Вапаавуоримен кездесті. Тараптар «жасыл экономика» саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып, отандық шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін растады. Сондай-ақ, тараптар қаржы институттарының тәуекелдерін сақтандырушылық және кепілдемелік өтеуді кеңейту мәселесін қоса алғанда, ұлттық экспорттаушыларды қолдаудың перспективалы құралдары жайында пікір алмасты.

Ерболат Досаев Азия Даму Банкінің вице-президенті Венчай Жангпен де «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
ШОБ-ты қаржыландыру жөніндегі жобаны табысты іске асырудың қорытындылары талқыға салынды. 2016 жылғы қыркүйекте үш коммерциялық банк 2011 жылы алынған 22,5 млрд теңгені өтейді деп жоспарланады, бұл ретте қаражаттың айналымдығы ескеріліп, 5 жыл ішінде кәсіпкерлерді қаржыландырудың сомасы үш есеге ұлғайып, 74,8 млрд теңгені құрады. Азия Даму Банкі Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен «Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы ШОБ-ты қаржыландыру» атты жобасын іске асыру үшін жаңа кредиттік желіні ашу мәселесін пысықтады. Кәсіпкерлерді ұлттық валютада ғана қаржыландыру туралы тараптардың уағдаластықтары ескеріле отырып, валюталық тәуекелдерді азайтудың перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен «Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы ШОБ-ты қаржыландыру» жобасын іске асыру үшін АДБ-дан жаңа кредиттік желіні тарту мәселесін және құрылып жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы шеңберінде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқыға салды.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!