Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 364 астаналық салымшысы пәтер кілтін алды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 364 астаналық салымшысы пәтер кілтін алды

2 Мая 2019
Қазақстан халқының бірлігі күні қоныс иелерін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтады.
Астаналық тұрғындарға 1 шаршы метрі 180 000 теңгені құрайтын жаңа үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілді. Бұл көрсеткіш қаладағы орташа нарықтық бағадан 2 есе төмен.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысып, оның көмегімен баспанаға қол жеткізу үшін, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта тұрғын үй бағасының кемінде 20 пайызын құрайтын мөлшерде бастапқы жарнаның болуы керек. Таза әрлеудегі бір бөлмелі пәтердің ең жоғары бағасы 7,3 млн.теңге екенін ескерсек, онда салымшының депозитінде шамамен 1,4 млн.теңге жиналуы керек. Осыдан кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі оларға пәтер сатып алу мақсатында жылдық 5 пайызбен несие алу мүмкіндігін ұсынады.

- «Нұрлы жер» бағдарламасына жеке басында баспанасы жоқ әкімдік кезегінде тұрғандар мен банк салымшылары қатысады. Өз пәтеріне қол жеткізу -олардың көптен күткен арманы болатын. Ең алдымен олар шот ашып, қаражат жинақтады. Бүгінгі қоныс иелерінің көпшілігі өз шотында 50 пайызға дейінгі мөлшерде бастапқы жарнаны жинаған салымшылар. Ал әлі де қаражат жинауды жалғастырып жатқандар мен мемлекеттік бағдарлама аясында өткізілген пулға қатыса алмағандар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Осы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына елордадағы 17 жаңа үйден тағы 1 825 пәтер ұсынылады. Бұл тұрғын үй нысандары бойынша өтініш қабылдау жөніндегі хабарландыру baspana.kz порталында жарияланатын болады, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

- Жаңа пәтер кілтін алған қоныс иелері енді астананың Сол жақ жағалауындағы Экспо ауданында тұратын болады. Әсіресе, банк салымшысы Бақтияр Оңайбек тұрғын үйдің орналасқан орнын естіп, қатты қуанды. Себебі, жаңа үй өзі оқытушы болып жұмыс істейтін мектептің жанында орналасқан. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі өз шотында ол 7,7 млн.теңгені жинап, енді үш бөлмелі пәтер сатып алу үшін тұрғын үй заемын рәсімдеуге қатысты жұмыстарды жүргізуде.

- Біздің жұбайымыз екеуміздің 4 баламыз бар. Қоныс тойына дейін біз қаланың шетіндегі саяжайда тұрдық. Енді біздің өз баспанамыз, ал балаларымыздың өз бөлмелері болатын болды. Біз осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін бірнеше жыл бойы банкте қаражат жинадық. Міне, бүгін біз үшін үлкен бір мереке, яғни, біздің көптен күткен қоныс тойымыз , - деді қуанышымен бөліскен Бақтияр Оңайбек.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозиттік портфелі бойынша бірінші орынға ие. Банкте 131 млрд. теңге сомасына 186 мың астаналық шот ашқан.





Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін