«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру | Нысан: ««БҚО Орал қаласының Орал­Атырау және Орал­Саратов тас жолдары арасындағы көп қабатты ТЖЖ­дағы № 1 дақ, 10­9 қабатты тұрғын үй кешені», Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зашаған кенті мекенжайы бойынша орналасқан
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

3 шілде 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай ­ Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды (әрі қарай ­ ЖАО) (әрі қарай ­ Бағдарлама).
Нысан: ««БҚО Орал қаласының Орал­Атырау және Орал­Саратов тас жолдары арасындағы көп қабатты ТЖЖ­дағы № 1 дақ, 10­9 қабатты тұрғын үй кешені», Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зашаған кенті мекенжайы бойынша орналасқан
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31.08.2018.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 131 000 «таза» әрлеудегі теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 120,
Пәтер түрі: 1, 1­бөлмелі: 40 пәтер, максималды көлемі 53,80 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2­бөлмелі: 40 пәтер, максималды көлемі 68,34 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3­бөлмелі: 40 пәтер, максималды көлемі 80,21 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 04.07.2018 бастап 18.07.2018 дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 19.07.2018
Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей­тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл­орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) номері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру