Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 15 жыл!

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 15 жыл!

10 Июля 2018
Қымбатты достар!

Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мерейтойын атап өтіп отыр. Құрылғанымызға 15 жыл болды.

1 млн 100 мыңнан астам қазақстандық баспаналы болсам деп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы атанып, ақша жинап жатыр. Олардың бізге сеніп тапсырып отырған жинағының жалпы сомасы – 546,4 млрд теңге.
Банк жұмыс істеп келе жатқан осы он бес жыл ішінде 147 302 қазақстандық отбасы үй жағдайын жақсарта алды. Олардың көпшілігі пәтер сатып алуды жөн көрген. Бірақ, бұдан бөлек, банктің көмегімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жер телімін сатып алып, үй салып алған салымшылар да баршылық.

Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сеніп, бізбен бірге баспаналы болуды ниет еткен әр клиентке алғысын білдіреді. Үйге мұқтаж әр қазақстандық шаңырақ иесі атануы үшін күнделікті тынбай еңбек етуден танбайтын боламыз. Себебі өз үйің – бұл іргесі берік отбасың, тұрақтылығың және ертеңгі күнге деген үлкен сенімің.
Ваш город ?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін