Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 200 салымшысы Петропавл қаласында жаңа пәтердің иесі атанды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 200 салымшысы Петропавл қаласында жаңа пәтердің иесі атанды

25 Октября 2017
Петропавл қаласының тұрғындарына арнап 126 және 75 пәтерден тұратын екі үй бірден пайдалануға беріліп отыр. Аталған нысандар «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған. Пәтерлердің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары арасында бөлістірілді, ал қалған 50%-ы жергілікті әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Бұл жерде кезекте тұрған адамдардың да ТҮҚЖБ клиенті болғанын, яғни банктен депозит ашып, шотта ақша жинағанын айта кету керек.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен ТҮҚЖБ облыстық филиалының директоры Райхан Әбдірахманова салымшылармен кездесті.

- Жаңа баспанаға ие болып отырған тұрғындар үй алу үшін жалақысы жоғары маман болудың міндетті емес екенін дәлелдеп отыр. Баспаналы боламын деген адамға тұрақты орташа табыс пен керек кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашу керек. Банк жүзеге асырып отырған бірегей тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі мен мемлекеттік бағдарламалар азаматтарымызға қолжетімді шарттармен үй алуға мүмкіндік береді. Мысалы, үш жылдан кейін алғашқы салымға қажет минимал сома жинап, сенімді түрде пулға қатысу үшін айына 30-40 мың теңгеден жинап отыру жеткілікті, - деп атап өтті филиал директоры Райхан Әбдірахманова.

Банк салымшысы Динара Шәріпова қонақтарды үш бөлмелі жаңа үйінде қабылдады. Ол 2014 жылдан бері үй кезегінде тұрған, сондай-ақ ТҮҚЖБ шотында ақша жинап отырған. Осы уақыт ішінде Динара 2,5 млн теңге көлеміндегі қаражаттың басын құрапты, бұл пәтер құнының 30%-на тең. Жетпеген соманы заем түрінде ресімдепті. Енді ай сайын 48 000 теңгеден төлеп тұрады.

- Алты жастағы қызым бар, сондықтан мен үшін жайлы, ең бастысы өзімнің үйім болғаны үлкен маңызға ие. Осы себепті әсіресе соңғы бір жарым жылда ақша жинауға баса көңіл бөлдім, ай сайын барынша үлкен соманы аударып отырдым. Нәтижесінде үш бөлмелі пәтер сатып ала алдым, отбасымыз үлкейіп жатса, бұл тым қолайлы болмақ. Қайталама нарықта мұндай ақшаға мен тек бір бөлмелі үй ғана ала алар едім, - деп тәжірибесімен бөлісті Динара Шәріпова.

Банк клиенттері әлеуметтік баспананы тұрғын үй, аралық және алдын-ала заемдарының есебінен сатып алды. Бұлар бойынша несиенің жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығында болды. «Нұрлы жол» бағдарламасының шарттарына сәйкес несие алу үшін ТҮҚЖБ шотында үй құнының кем дегенде 30%-на тең қаражат жинау керек болды.

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде СҚО-ның 30 000 тұрғыны үй алу үшін ақша жинап жатыр. Жақын арада тағы 222 отбасы баспаналы болмақ, жыл соңына дейін бұл азаматтар үшін 3 бірдей үй пайдалануға беріледі.
Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!