Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы | Нысан: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Оңтүстік-батыс тұрғын ауданы, 7 ықшам аудан, т.327 мекенжайы бойынша орналасқан 168 пәтерлі тұрғын үй.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

6 желтоқсан 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Оңтүстік-батыс тұрғын ауданы, 7 ықшам аудан, т.327 мекенжайы бойынша орналасқан 168 пәтерлі тұрғын үй.
Құрылыс аяқталған. Нысан пайдалануға берілді.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140000 теңге.
Жайлылық сыныбы: IV
Пәтер саны: 168
Пәтер түрі 1-бөлмелі : 26 пәтер, ең жоғарғы ауданы 41,08 ш.м;
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2017 жылдың 05 желтоқсанынан бастап 20 желтоқсанына дейін.
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2017 жылдың 27 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 11 қаңтарына дейін.
Тұрғын үйді таңдау мерзімі: 2017 жылдың 27 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 19 қаңтарына дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 22.01.2018 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Біліктілікке (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру