Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Талдықорған қаласындағы нысан бойынша Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген салымшылар назарына!

Талдықорған қаласындағы нысан бойынша Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген салымшылар назарына!

27 февраля 2018
Құрметті салымшылар!

«Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:

06.12.2016 ж. - 08.01.2017ж. аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Төрт 12 қабатты тұрғын үй» нысаны бойынша өтініштер қабылданды. Салымшылардың өтініштерін қабылдау нəтижелері бойынша нысан құрылысы келісілді деп танылып, Банк салымшылары арасында сатылу мүмкіндігі белгіленді.
Алайда, «Бәйтерек девелопмент» АҚ тарапынан Банкке келіп түскен хатқа сәйкес, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Reincom service» ЖШС арасында жасалған келісім-шарт міндеттемелері мен шарттарының бұзулына байланысты, аталған нысан құрылысын Банк салымшыларына одан әрі сату мүмкін емес екендігі анықталды. Осыған сай, Банк салымшылары тарапынан берілген өтінімдер жойылып, нысан құрылысын одан әрі сату тоқтатылды.

Банктің www.hcsbk.kz веб-сайтында құрылысы жоспарланған нысандар туралы толық ақпаратпен танысуларыңызға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Банктің Call-орталығына 300 нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады (ұялы телефоннан байланыс тегін).
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру