Тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізу туралы хабарландыру

Тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізу туралы хабарландыру

27 апреля 2021

Құрметті, салымшылар!

""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды. 

Нысан: «Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы.». Орналасқан мекенжайы: Қазақстан, ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 156 000 теңге «таза» әрлеудегі теңге.

Пәтер саны: 21
Пәтер түрі:1, 1-бөлмелі: 13- пәтер, максималды көлемі – 43,92 ш.м.
Пәтер түрі:2, 2-бөлмелі: 1- пәтер, максималды көлемі –64,10 ш.м.
Пәтер түрі:3, 2-бөлмелі: 7- пәтер, максималды көлемі – 65,57 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 29.04.2021 жылдан бастап 10.05.2021 жылға дейін.

Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру