Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 14 жер телім, 1 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1738».
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 3 маусымнан бастап 2021 жылдың 1 шілдеге дейін (қоса алғанда).
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 2 шілде 2021 жыл.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса, мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!