Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қосымша конкурстың қабылдау мерзімінің ауысуын хабарлаймыз.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қосымша конкурстың қабылдау мерзімінің ауысуын хабарлаймыз.

22 октября 2021 Нысан коды: 1720

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қосымша конкурсқа өтінім қабылдау мерзімінің ауысуын  хабарлаймыз.

Нысан: «Р.Қошқарбаев пен А104 көшелерінің қиылысында кіріктірілген үй-жайы мен автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (жобалық атауы)», Нысан коды 1720, орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы (оң жағы), Р.Қошқарбаев және А104 көшесі.

Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: Үй пайдалануға берілді.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 220 000 теңге.
Жайлылық класы: IV.

Пәтерлер саны: 30
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 14 пәтер, ең үлкен аумағы 41,97 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 12 пәтер, ең үлкен аумағы 54,2 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 4 пәтер, ең үлкен аумағы 60,03 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер"  мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 08.11.2021 ж. бастап 15.11.2021 ж. дейін.

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 16.11.2021 жыл.

Өтінімдер ЖАО-да кезекте тұрған, соның ішінде "Бақытты отбасы" бағытының келесі санаттары бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Пулға қатысуға өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде несие рәсімдеу мүмкін болады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің Otbasybank.kz.. интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Өтінімдерді беру күні мен уақыты берілген ұпай санына немесе үміткерлердің тізімін қалыптастыруға әсер етпейді.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру