Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул қалыптастырусыз өткізу туралы хабарландыруТұрғын үй-коммуналдық дам

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша тұрғын үйлердің пул қалыптастырусыз өткізу туралы хабарландыруТұрғын үй-коммуналдық дам

3 декабря 2021 Нысан коды: 1688

Құрметті салымшылар!      

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.

Нысан: " Ақтөбе қ., «Нұр-Ақтөбе» т.а, №4 ш/а, 20 ДЕЖИ үй «9 қабатты тұрғын үй» мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 12.2020 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде:
1-бөлмелі пәтер, 1 ш/метрінің бағасы 130 000 теңге, 8- ден 9-ға қабатқа дейін
1-бөлмелі пәтер, 1 ш/метрінің бағасы 140 000 теңге, 1- ден 7-ші қабатқа дейін
2-бөлмелі пәтер, 1 ш/метрінің бағасы 150 000 теңге, 8- ден 9-ға қабатқа дейін
2-бөлмелі пәтер, 1 ш/метрінің бағасы 160 000 теңге, 1- ден 7-ші қабатқа дейін

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 119 (бөлінетін пәтерлер саны),
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 17 пәтер, ең үлкен аумағы 41,0 ш.м.,
Пәтер түрі 1-бөлмелі пәтер: 83 пәтер, ең үлкен аумағы 41,0 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 9 пәтер, ең үлкен аумағы 56,7 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі пәтер: 10 пәтер, ең үлкен аумағы 56,7 ш.м..

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 07.12.2021 ж. бастап 09.12.2021 ж. дейін.

Брондау мерзімі 07.12.2021 10-00 бастап (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) 09.12.2021 жылға сағат 23-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы таңдалған пәтер құнының белгіленген сомасы бар болған кезде қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрғандар болып табылмайтын Банк салымшыларынан қабылданады және кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан қабылданады:

1)      мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2)      көп балалы отбасылар;
3)      толық емес отбасылар.

Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Берілген өтініштерді пулға / тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің интернет-ресурсында көруге болады Otbasybank.kz. және / немесе www.hcsbk.kz "Қолжетімді баспана"бөлімінде.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру