Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

29 ноября 2021 Нысан коды: 1942

Құрметті салымшылар! 

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк)   Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 19 тұрғын үй ауданында инженерлік желілері бар көп қабатты тұрғын үй салу.Тұрғын үй 60А – ұстаны, нысаны 1942, Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы. 19 тұрғын ауданы, мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31.03.2021ж.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 160 000 теңге «таза» әрлеудегі теңге.

Жайлылық сыныбы: 4.

Пәтер саны: 7,
Пәтер түрі:1, 1-бөлмелі: 5- пәтер, максималды көлемі – 38,02 ш.м.
Пәтер түрі:2, 2-бөлмелі: 2- пәтер, максималды көлемі –59,36 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 30.11.2021ж. бастап 05.12.2021ж. дейін.

Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 06.12.2021ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер тек ЖАО алуға кезекте тұрған Банк салымшыларынан, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша, келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) жалғыз басты отбасылар

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Өтініш берушінің жинақ шотында таңдап алынған тұрғын үй құнының кемінде 20% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда несие беру мүмкін, «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағыттарына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10% мөлшерінде.

Пулға/тікелей сатуға жіберілген өтінімдерді тарату тәртібімен, үміткерлерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру