Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқау басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқау басталуы туралы хабарландыру

19 июля 2021

Құрметті салымшылар!

 «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк)   Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына  «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу»  бағыты бойынша қосымша байқау басталуы туралы хабарлайды.

Нысан: "ШҚО, Семей қ. «Карагайлы» тұрғын ауданы көшесінде орналасқан 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үйі, №6 позиция, 1653 коды (сыртқы инженерлік желілерсіз)", ШҚО, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: наурыз 2021 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде  160 000 теңге.

Пәтер саны: 38,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 40,8 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 23 пәтер, ең жоғарғы ауданы 59,8 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына  қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 19.07.2021 ж. бастап 02.08.2021 ж. дейін.
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 03.08.2021 жылы.

Өтініштер ЖАО  кезегінде тұрмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Өтініш берушінің  жинақ шотында  пәтер құнының 10%  кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш  беру мүмкін болады.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көмеліндегі  тұрғын үй құрылыс жинағы бар  болса, заем берілуі мүмкін.

Пулға өтініштерді беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе  www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

 

Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Другие объявления

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру