Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша байқау басталуы туралы хабарлайды.
Нысан: "ШҚО, Семей қ. «Карагайлы» тұрғын ауданы көшесінде орналасқан 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үйі, №7 позиция, 1654 коды (сыртқы инженерлік желілерсіз)", ШҚО, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: наурыз 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.
Өтініштер ЖАО кезегінде тұрмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көмеліндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Пулға өтініштерді беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!