«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

7 апреля 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк)   Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 19 - тұрғын ауданында инженерлік желілері бар көп қабатты тұрғын үйлер кешенін салу. Тұрғын үй 58 - ұстаны. Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы. 19 тұрғын ауданы, мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.04.2021ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 160 000 теңге «таза» әрлеудегі теңге.
Жайлылық сыныбы: 4

Пәтер саны: 125,
Пәтер түрі:1, 1-бөлмелі: 25- пәтер, максималды көлемі – 38,2 ш.м.
Пәтер түрі:2, 1-бөлмелі: 25- пәтер, максималды көлемі –43,47 ш.м.
Пәтер түрі:3, 1-бөлмелі: 15- пәтер, максималды көлемі – 50,5 ш.м.
Пәтер түрі:4, 2-бөлмелі: 20- пәтер, максималды көлемі – 58,65 ш.м.
Пәтер түрі:5, 2-бөлмелі: 15- пәтер, максималды көлемі – 67,03 ш.м.
Пәтер түрі:6, 3-бөлмелі: 25- пәтер, максималды көлемі – 82,54 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 08.04.2021ж. бастап 05.05.2021ж. дейін.
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 06.05.2021ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернетресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады, ЖАО-да кезекте болуы керек.

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 5% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернетресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру