Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру!

Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру!

13 октября 2021 Нысан коды: 1798

Құрметті салымшылар! 

«Отбасы Банк» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 қазанына (қоса алғанда) дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Нысан: «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 12 жер телім, 3 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1798».

Клиенттер тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 19 қазан 2021 жыл.

Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2021 жылдың тамыз айында.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Ыңғайлылық класы: ІІІ.

Барлығы: 65 пәтер!
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 20 пәтер, ең жоғарғы аудан 55,04 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 25 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,91 шаршы метр
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 20 пәтер, ең жоғарғы аудан 73,94 шаршы метр

Пулға өтініштерді беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 10% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру