Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру!

Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру!

13 октября 2021 Нысан коды: 1800

Құрметті салымшылар! 

«Отбасы Банк» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 қазанына (қоса алғанда) дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 14 жер телім, 2 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1800».

Клиенттер тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 19 қазан 2021 жыл.
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2021 жылдың маусым айында.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 160 000 теңге.

Ыңғайлылық класы: ІІІ

Барлығы: 45 пәтер!
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы аудан 56,04 шаршы метр
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 30 пәтер, ең жоғарғы аудан 73,42 шаршы метр

Пулға өтініштерді беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 10% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру