Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

ШҚО Өңірлік жобасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

28 августа 2017
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚО Өңірлік жоба бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 шағын аудан, 51/1 айқындамада орналасқан көпқабатты тұрғын үй».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2016 жылдың желтоқсан айы.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: IV.
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 7, олардың ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 7 пәтер, ең жоғарғы аудан 43,47 ш.м.
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 29.08.2017 жылдан бастап 06.09.2017 жылға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 07.09.2017 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 13.09.2017 жылдан бастап 21.09.2017 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 13.09.2017 жылдан бастап 28.09.2017 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 29.09.2017 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру