Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

ШОБ-ты қаржылай қолдау бағдарламалары өз тиімділігін дәлелдеді – «Бәйтерек» холдингі

ШОБ-ты қаржылай қолдау бағдарламалары өз тиімділігін дәлелдеді – «Бәйтерек» холдингі

14 Июня 2016
«Бәйтерек» холдингінің шағын және орта бизнеске қаржылай қолдау көрсету жөніндегі бағдарламалары өз тиімділігін дәлелді. Бұл туралы ШОБ-ты дамыту мен қолдау мәселелеріне арналған ҚР Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова хабарлады.

«Бәйтерек» холдингі алдындағы стратегиялық міндеттердің бірі шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылады», - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Кредит беру нарығы туралы айта отырып, Холдингтің Басқарма Төрағасының орынбасары былай деп түсіндірді: «Холдингтің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредит нарығын қамтуы жоғары деңгейде сақталып тұр. 2015 жылдың қорытындылары бойынша үлесі 30 %-ға дейін ұлғайды. Банктік кредиттердің жалпы көлемінде «Даму» қорының бағдарламалары бойынша қаражат үлесі экономиканың басым секторындағы кредиттер бойынша 13,3 %-ды, өңдеу өнеркәсібіндегі кредиттер бойынша 19,3 %-ды құрады.».

Өңдеу өнеркәсібін қолдауға Ұлттық қордан 200 млрд. теңге мөлшерінде үш транш бөлінді. 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 264,2 млрд. теңгеден астам сомаға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 1353 жобасы қаржыландырылды. Осы Бағдарламаны іске асыру барысында оның қатысушылары 740 млрд. теңге сомасына өнім шығарды, 66,8 млрд. теңгеге салық төледі, 15,7 мыңға жуық жұмыс орнын құрды.

Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2010 жылдан бастап сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсатында 1 426,11 млрд. теңге жалпы сомасына 7 419 субсидиялау жобаларына қол қойылды, 123,8 млрд. теңгеге субсидия төленді. 2016 жылғы қаңтар-мамыр аралығында «Даму» қоры 58,3 млрд. теңге жалпы сомасына 640 жобаға қол қойып, 10,01 млрд. теңге субсидия төледі.

Ләззат Ибрагимова атап өткендей, Бірыңғай бағдарлама шеңберінде «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да сұранысқа ие құралы банктерде кредит алуға жеткілікті кепілдікті қамтамасыз етуі жоқ кәсіпкерлерге кепілдік беру болып табылады. Ағымдағы күннің жағдайы бойынша 30,6 млрд.теңге жалпы сомасына 1 918 кепілдік берілді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 71,9 млрд.теңге сомасына банктерден кредит тартуға мүмкіндік туғызды.

2015 жылдың осыған ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда «Даму» қорының кепілдік беру өсімі 74 %-дан астамды құрады. Нәтижесінде, бес жыл ішінде Бірыңғай бағдарламаның қатысушылары 5,1 трлн.теңге сомасына өнім шығаруды қамтамасыз етті, 428 млрд.теңгеге салық төледі, 216,8 мың жұмыс орнын сақтап, 67,4 мың жаңа жұмыс орындар ашты.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты кеңейтуде. 2016 жылы Холдингтің еншілес ұйымы – «Даму» қоры әкімдіктермен бірлесіп, өңірлік кәсіпкерлерді, соның ішінде ауылдар мен шалғай аудандарының кәсіпкерлерін қаржыландыруға 23,9 млрд. теңге бағыттайды.

«Кепілдік алу және банктердің өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту процесінің ашықтығы egov.kz порталы арқылы процесерді автоматтандыру және барлық банктерде кредиттік өтінімдерді қараудың бірыңғай стандарттарын енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады», - деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова.

Кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың жаңа электрондық қызметтерін egov.kz порталы арқылы енгізу кәсіпкерлердің барлық санаттары үшін қызметтер алуға кең мүмкіндік береді.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!