Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Баспасөз-релизі: Таразда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшыларына жаңа үйлер мерзімінен бұрын берілді

Баспасөз-релизі: Таразда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшыларына жаңа үйлер мерзімінен бұрын берілді

31 Августа 2016
Конституция күніне орай Жамбыл облысының тұрғындары бағалы сыйлық алды – оларға өздерінің пәтерінің кілті табысталды. Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” облыстық филиалының директоры құттықтап келді.
– Бес қабатты үйді мердігер мерзімінен бұрын берді. Барлық пәтер таза өңделген және салымшыларға 1 шаршы метріне 116 000 теңге бағада ұсынылатын болады. Объектінің жанында интеллектуалдық мектеп, базар, спорттық кешен бар. Жаңа қоныстанушыларымызға бұл жер барынша ыңғайлы болады деген үміттеміз”, – дейді ТҮҚЖБ Жамбыл облыстық филиалының директоры салымшыларға.
Жаңа қоныстарын жалпы 80 адам атап өтпек. Оларға арналған “Арай” алқабындағы жаңа үй 2020 жылға дейін аймақты дамыту бағдарламасы аясында салынған болатын. Жаңа үйдің кілтін Тараз тұрғыны да алды. Ол екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Есепші үш жыл бұрын банкте депозит ашып, өзінің үйіне ақша жинай бастаған екен.
– Біздің аймақта көп адам осы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алды. Осы орайда, мен де олардан үлгі алуды жөн көрдім. Есепшот ашып, ақшамды депозитке салдым. Кейде 100 000, арасында 50 000, тіпті 10 000 ғана салатын кездерім болды. Пул жарияланғанда, өтініш жаздым. Қалауыма қол жеткізгеніме әлі де сене алмай тұрмын”, – деп қуанды Лаура Қозыбаева.
Бұдан өзге аймақта 6 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ. Объектілер “Нұрлы жол” бағдарламасының аясында тұрғызылып жатыр. Келесі жылдан бастап жаңа пәтерлердің 1 шаршы метрі 116 мың теңгеге берілетін болады.

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!