Рамиль Мухоряпов «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

Рамиль Мухоряпов «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

30 июля 2021

Баспасөз мәлімдемесі

2021 жылдың 22 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында «Отбасы Банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің жеке отырысы өтті, оның барысында Директорлар кеңесінің мүшесі болған, бұрынғы тәуелсіз директор Александр Баруниннің орнына Мухоряпов Рамиль Радикович тағайындалды. Тәуелсіз директордың кандидатурасын Банктің жалғыз акционері, «Бәйтерек» ұлттық холдингі конкурстық негізде таңдағанын атап өткен жөн.

Рамиль Мухоряпов 1984 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. РФ Үкіметі қарамағындағы Қаржы академиясының Қаржы және несие факультетін тәмәмдаған. Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы әрі тең иесі болып табылады, оның құрамына Chocolife.me, Aviata/Chocotravel бірлескен саяхат компаниясы, Chocomart.kz интернет-дүкендері, Lensmark.kz, Chocofood.kz азық-түлікке тапсырыс беру және жеткізу қызметі, iDoctor.kz дәрігерлерді іздеу қызметі мен «Рахмет» мобильді қосымшасы кіреді. Мухоряпов - YPO Kazakhstan мүшесі, iQanat білім беру жобасының сенімді өкілі.

«Рамиль Мухоряповтың Қазақстандағы жеке корпоративтік сектор өкілі ретіндегі тәжірибесі банктегі онлайн қызметтердің дамуына оң әсерін тигізеді және клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартады деп сенеміз. Біз оның болашақ шешімдерінің тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін қоғамдағы лауазымды тұлғалардан, олармен байланыстағы тұлғалардан, компаниялардың ірі контрагенттерінен тәуелсіздігі қағидаттарын бірге жүргізетін боламыз», - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Жасалған түзетулерді ескере отырып, «Отбасы Банк» АҚ-ның Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Өскенбаев Қ.А., Ибрагимова Л.Е., Хамитов Е.Е., Омарходжаев А.С., Мухоряпов Р.Р., Ермекова Е.М., Қыдырбаев Д.Х.


««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру