Пул құрусыз өтініш қабылдау мерзімін уақытының ауыстырылу туралы хабарландыру

Пул құрусыз өтініш қабылдау мерзімін уақытының ауыстырылу туралы хабарландыру

15 июня 2021

Құрметті салымшылар!       

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді брондау кезеңін 2021ж. "21" маусым сағ. 10:00 бастап 19:00 дейін (Нұр-Сұлтан уақытысымен) ауыстырылу туралы хабарлаймыз, төменде көрсетілген нысандар бойынша:
-Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Тұран м/а, мекенжайында орналасқан «Шымкент қаласы,Тұран шағынауданы 9 қабатты тұрғын үй құрылысы (4 блок) код 1568;
-Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Тұран м/а, мекенжайында орналасқан «Шымкент қаласы,Тұран шағынауданы 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы (4 тұрғын үй), (1 және 2 кезек) (сыртқы инженерлік желілерсіз), (8 блок)» код 1569;
-Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Тұран м/а, мекенжайында орналасқан «Шымкент қаласы,Тұран шағынауданы 16 қабатты тұрғын үй салу (4 үй),(1-2 кезек) (сыртқы инженерлік желілерсіз)» код 1570.

Пулды құрусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 21.06.2021ж. бастап 21.06.2021ж. дейін.
Брондау кезеңі 2021ж. "21" маусым сағ.10:00 бастап сағ. 19:00 дейін (Нұр-Сұлтан уақытысымен).
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 20% кем емес көлемдегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініш беру Банктің www.baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің www.baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.

Өтініштер тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Другие объявления

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру