Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Петропавл қ. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру туралы

Петропавл қ. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру туралы

17 мая 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «75 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй», Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Береке» ы.а., № 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан (код 1319).

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31.07.2019
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 75
Пәтер түрі: 1, 1­бөлмелі: 25 пәтер, максималды көлемі 33.27 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2­бөлмелі: 30 пәтер, максималды көлемі 58.71 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3­бөлмелі: 20 пәтер, максималды көлемі 71,74 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 20.05.2019 бастап 18.06.2019 дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 19.06.2019

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Объектіде тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей­тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл­орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) номері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру