Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Өз үйім» бағдарламасы шеңберінде Көкшетау қаласындағы тұрғын үй бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

«Өз үйім» бағдарламасы шеңберінде Көкшетау қаласындағы тұрғын үй бойынша дауыс берудің басталғаны туралы

15 сентября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй нысанына дауыс берудің басталғандығы туралы хабарлайды.
Нысан «9 қабатты, 90 пәтерлі тұрғын үй», Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ж.Сайын көшесі, 30Б үй мекенжайында орналасқан.

Құрылыс компаниясының атауы: ТОО "СК Регион Строй".
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31 мамыр 2017 ж.
Бекітілген жобаға сәйкес тұрғын үй толық даярлықта тапсырылады.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 150000 теңге.
Комфортты класы: 3 класс.
Пәтерлер саны: 45.
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 18 пәтер, 40,09 максималды ауданы
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 18 пәтер, 60,25 максималды ауданы
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 9 пәтер, 83,76 максималды ауданы
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 19 қыркүйектен 19 қазанға дейін.
Нысан бекітілген жағдайда баллдарды есептеу (үміткерлерді іріктеу) күні: 2017 жылғы 20 қазан.
Квалификация мерзімі: 2017 жылғы 30 қазаннан 30 қарашаға дейін.
Пәтер тандау мерзімі: 2017 жылғы 30 қазаннан 14 желтоқсанға дейін.
Пәтер үйлестіру күні: 2017 жылғы 15 желтоқсан.
Квалификация орны: Көкшетау қаласы, 8-Март көшесі, 51 үй.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысушы салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтау шотындағы жинағы 500 000 (бес жүз мын) теңгеден аз болмауы керек.
Алдын ала займ алу үшін өтініш берушінің жинақтау шотында таңдалған пәтердің бағасына қарай қаражат сомасы 30%-дан аз болмауы қажет.
Егер өтінішті қабылдау аяқталған күні өтініш берушілердің саны жеткіліксіз болса, банктің ішкі құжаттарына сәйкес берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Салымшыларға қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, ғимарат қасбеттерінің суреттері мен пәтерлердің жобасымен www.hcsbk.kz банктің интернет ресурсында танысуға болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі www.hcsbk.kz банктің интернет ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру