Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Қостанай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

18 января 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жергілікті атқарушы органдар (Бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: Қостанай қаласы, 2-ші Совхозная көшесі, 2Б мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2017 жылғы 30 маусым.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 115 509,36 теңге.
Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 1,
олардың:
Пул № 3, пәтер түрі: үш бөлмелі, 1 пәтер, ең жоғарғы ауданы – 85,3 ш. м.
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 19 қаңтардан бастап 11 ақпанға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 12.02.2018 ж.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2018 жылғы 15 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылғы 15 ақпаннан бастап 14 наурызға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 15 наурыз 2018 жыл.
Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің pn.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру