Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы

Қостанай қаласындағы нысан бойынша іріктеудің басталғаны туралы

12 августа 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Нысан құрылысының жоспарланған аяқталуына байланысты Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданындағы бес қабатты №18 тұрғын үй құрылысы», нысан коды 1379.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Пәтер саны: 90,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 36,42 ш.м.
Пәтер түрі 2, 1-¬бөлмелі: 20 пәтер, ең жоғарғы ауданы 45,99 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 40 пәтер, ең жоғарғы ауданы 65,51 ш.м.
Пәтер түрі 4, 3-¬бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 69,61 ш.м.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 16 тамыз 2019 жылдан бастап 14 қыркүйек 2019 жылға дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2019 жылғы 16 тамыздан бастап 02 қазанға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 03.10.2019 ж.
Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында көре аласыздар.
Бөлу тәртібімен, Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімімен, сонымен қатар ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын Банктің www.hcsbk.kz және/ немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.





Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру