Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Өскемен қаласында тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларын өзгерту туралы

Өскемен қаласында тұрғын үйдің техникалық сипаттамаларын өзгерту туралы

25 сентября 2018
Құрметті салымшылар!

2017 жылғы 09 шілдеден бастап 2018 жылғы 08 тамызға дейінгі мерзім аралығында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданындағы үйлер. 117-118 белгілер. Қабырға толтыруды түзету (энерготиімділік)», нысан коды 1142 (әрі қарай- Нысан) жобасын іске асыру үшін дауыс берілді.
Салымшылардың (депозиторлардың өтініштерін қабылдау) дауыс беруі нәтижесінде нысан келісілген деп танылды және Банктің салымшыларына тұрғын үйді сату мүмкіндігі анықталды.
«ШҚО Өскемен қаласы Әкімінің аппараты» ММ-нің Банкке жолдаған хатына сәйкес тұрғын үйдің техникалық сипаттамасы өзгертілді: ас үйдегі керамикалық плитканы линолеумға; сыртқы қабырғалық панельдерді «UTC-жеңіл қабырғаны» нығайтылмаған блоктардан ұялы бетоннан автоклавтық беріктігіне орнату; ішкі бөлмеаралық және пәтераралық құрылысын нығайтылмаған блоктардан ұялы бетоннан автоклавтық беріктігіне орнату.
Осы өзгерістермен келіспеген жағдайда, салымшылар «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға берген өтінімдерді Банкке келіп өтінімнің күшін жоя алады.
Сонымен қатар, осы хабарландыруды орналастырған күннен бастап егер Банк Банкке 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде күшін жою туралы өтінімді қабылдамаса, Банк осы өзгерістермен салымшының келісімін қарастырады.

Банк «Нұрлы жер» Тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниет білдірген салымшыларға «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тәртібі мен шарттарына сәйкес тұрғын үйді одан әрі сатуды жалғастырады.
Осы Нысан бойынша дауыс берген және өтінімнің күшін жойған салымшылар «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Банктің басқа да тұрғын үй жобаларын іске асыруға өтініш бере алады.
Жоспарланған құрылыс нысандары туралы жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz, www.baspana.kz. Интернет-ресурстарында қадағалауларыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туған жағдайда, 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін) Банктің Байланыс орталығына хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру