Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

9 октября 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Нысан: "Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылының Сол жағалауындағы тұрғын үй кешені. 1,2,3,4,5 ұстанымды тұрғын үйлер және коммерциялық орынжайлар (сыртқы инженерлік желілерсіз)".

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қолданысқа 31.08.2018 жылы тапсырылды.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 165 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 96, олардың:
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы аудан 45,77-46,69 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 62,98-66,32 ш.м.,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 21 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,24-45,1 ш.м.,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 20пәтер, ең жоғарғы аудан 42,24-45,1 ш.м.,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 22 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,24-45,1 ш.м.,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы аудан 45,77-46,69 ш.м.
Өңірлік жобаға өтініш қабылдау мерзімі: 10.10.2018 жылдан бастап 31.10.2018 жылга дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 01.11.2018 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 07.11.2018 жылдан бастап 20.11.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 07.11.2018 жылдан бастап 27.11.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 28.11.2018 жыл
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz/www.baspana.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz/www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру