Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Өскемен қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

3 августа 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқару органдары арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды».
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын аудан, 3 орамда орналасқан инженерлік желілері бар көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы» (119 ұстанымның мансардтық қабаты), нысан коды 410.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2018 жыл 30 тамыз
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 100 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 1, олардың:
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 89,2 ш.м.,
«Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 06.08.2018 жылдан бастап 15.08.2018 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 16.08.2018 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 21.08.2018 жылдан бастап 28.08.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 21.08.2018 жылдан бастап 04.09.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 05.09.2018 жыл
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz/ www.baspana.kz. интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру