Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орал қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қатысу үшін дауыс беру басталғаны туралы

Орал қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қатысу үшін дауыс беру басталғаны туралы

30 мая 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс нысандарына дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 1 үй» мекенжайы бойынша орналасқан 9-қабатты, 126-пәтерлі тұрғын үй құрылы».
Уәкілетті компания: «Stroy Baiterek» ЖШС
Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: 16 қыркуйек 2018 жыл.
Салымшылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы тұрғын үйді сатып алады. Құрылыс кезеңінде Банк салымшыларға кредит береді және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігін алған соң, Тапсырыс беруші Нысан құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырады, қордың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдікті жағдай болған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.
Тұрғын үй (Нысандағы үлес) толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады.

Тұрғын үйдің (Нысандағы үлес) 1 шаршы м. құны: 170 000 теңге
Жайлылық сыныбы: 3 класс
Пәтер саны: (Нысандағы үлес) 84 пәтер, соның ішінде:
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 1-бөлм.: 38 пәтер, жалпы ауданы 39,71ш.м.-ден бастап 41,82 ш.м дейін
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 2-бөлм.: 42 пәтер, жалпы ауданы 60,48ш.м.-ден бастап 63,51 ш.м дейін
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 3-бөлм.: 4 пәтер, жалпы ауданы 81,34ш.м.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2018 жылдың «04» маусымынан «24» маусымына дейін
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 2018 жылдың «25» маусымы.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018 жылдың «28» маусымы мен «16» шілдесі аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың «04» маусымынан «19» шілдесіне дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жылдың «20» шілдесі.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді (Нысандағы үлес) Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру