Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

24 апреля 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар» (бұдан әрі - ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: БҚО, Орал қаласының Орал-Атырау және Орал – Саратов тас жолдары бойындағы 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені, №33 телім.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың қараша айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 129 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 2, оның ішінде:
3-бөлмелі пәтер түрі: 2 пәтер – ең жоғарғы көлемі 93,21 шаршы метр 9 қабатта;

Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 26 сәуірі мен 10 мамыры аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018 жылдың 11 мамыры
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018 жылдың 15 мамыры мен 22 мамыры аралығы.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың 15 мамырынан 27 мамырына дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жылдың 28 мамыры.

Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.



Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру