Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

8 января 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары бойындағы ТЖЖ-дағы 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені, №4-Дақ».
Құрылыстың аяқталу мерзімі: маусым 2017 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 139 346 теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 17, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 8 пәтер – 2, 7, 8, 9 қабаттарда, ең жоғарғы көлемі 40,0 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 5 пәтер -8,9 қабаттарда, ең жоғарғы көлемі 59,82 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер – 5, 7, 9 қабаттарда, ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр
Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018ж. 12 қаңтарынан - 2018ж. 31 қаңтары аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018ж. 2 ақпан.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018ж. 7 ақпанынан – 2018ж. 15 ақпаны аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018ж. 7 ақпанынан бастап –2018ж. 22 ақпанына дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018ж. 22 ақпаны
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру