Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орал қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

Орал қаласында «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру басталғаны туралы

25 июля 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Самал көшесі, 94/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты №1 үй көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 30.10.2019 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.

Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 180
Пәтер түрі 1, 1­бөлмелі: 72 пәтер, максималды көлемі 40,41 ш.м.

Пәтер түрі 2, 2­бөлмелі: 72 пәтер, максималды көлемі 61,03 ш.м.

Пәтер түрі 3, 3­бөлмелі: 36 пәтер, максималды көлемі 83,82 ш.м
.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 29.07.2019 ж. бастап 27.08.2019 ж. дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 28.08.2019 ж.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинағы болуы тиіс.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет­ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Тұрғын үйдің кемінде 50% ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында таратылады.
Қатысуға өтініш берген немесе біліктіліктен өткен, ЖАО кезекте тұрған азаматтар саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй Банк салымшылары қатарынан басқа өтініш берушілер арасында таратылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.baspana.kz және/ немесе www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей­тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл­орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) номері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру