Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

6 апреля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар» (бұдан әрі - ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «БҚО, Орал қаласындағы Орал-Атырау, Орал–Саратов тас жолдары арасындағы 9 қабатты 180 пәтерлі 4 кіреберісі бар ірі панелді тұрғын үйдің құрылысы. Дақ №5».

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың шілде айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 133 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 23, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 10 пәтер – ең жоғарғы көлемі 40,00 шаршы метр 8, 9 қабаттарда;
2-бөлмелі пәтер түрі: 9 пәтер – ең жоғарғы көлемі 59,82 шаршы метр 8, 9 қабаттарда;
3-бөлмелі пәтер түрі: 4 пәтер –ең жоғарғы көлемі 83,32 шаршы метр 9 қабатта.

Жобаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 09 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 2018 жылдың 23 сәуірі
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018 жылдың 27 сәуірі мен 17 мамыры аралығында.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың 27 сәуірінен 22 мамырына дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жылдың 23 мамыры.

Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.



Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру